Ғылым және инновация департаменті

Нұр-Мүбарак университетін еліміздегі исламтану және дінтану салаларындағы жетекші ғылыми орталық ретінде қалыптастыру және осы салалардағы халықаралық академиялық қауымдастықпен ынтымақтастықты нығайту арқылы университет оқытушы-профессорлық құрамының ғылыми әлеуетін көтеру мақсатында 2020 жылы құрылды. 

  • Университеттің ғылыми жұмысына сыртқы спонсорлық қорлар мен қаржылық қолдауды тарту;
  • Студенттер, магистранттар және докторанттардың университеттің ғылыми өміріне белсенді қатысуын түрлі жолдармен ынталандыру.
  • Университет ғалымдарының исламтану және дінтану салаларымен қатар, әлеуметтік ғылымдардың басқа да салаларындағы пәнаралық ғылыми жобаларды дамытуға, ұйымдастыруға қолдау көрсету.

ПАЛТӨРЕ ЫҚТИЯР МОЛДАТӨРЕҰЛЫ

Ғылым және инновация департаментінің директоры PhD, доцент

2002-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Экономика жəне Консалтинг университетінде араб тілі пəнінің оқытушысы қызметін атқарды. 2003 жылы кафедра меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

2005-2007 жылдар аралығында Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар жəне Əлем Тілдері университетінде «Əлемдік мəдениет жəне өркениет» кафедрасында араб тілі пəнінің оқытушысы болып қызмет етті.

2007-2009 жылдар аралығында əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің арабтану кафедрасында араб тілі пəнінің оқытушысы болды.

2012-2017 жылдар аралығында Алматы қаласы Орталық мемлекеттік архивінде жəне Ұлттық кітапхананың сирек қолжазбалар бөлімінде ғылыми қызметкер ретінде жұмыс атқарды.

2017-2022 жылдар аралығында əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің деканы қызметін атқарды.

Жариялаған мақалаларының тізімі