Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA)» сараптамалық тобының сыртқы аудиті басталды. Үш күнге жоспарланған Әр бес жыл сайын өтетін институционалды және мамандандырылған («исламтану» білім беру бағдарламасы бойынша) аккредитация үш күнге жоспарланған.
Жоғарғы заң және экономика мектебінің қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Болат Айтимов (И. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті) жетекшілік ететін сараптамалық топты НМУ ректоры, профессор, PhD Ахмед Хусейн Мұхаммед пен проректор, PhD Ершат Оңғар қабылдады. Он адамнан тұратын эксперттік топ университеттің тыныс-тіршілігімен танысып,факультет декандары, кафедра меңгерушілері мен басқа да университет қызметкерлерімен кездесу,сұхбаттар жүргізді.
Университеттің оқу-зертханалық базасын, оқу жүйесін және университет қызметінің барлық салаларын тексеруге бағытталған бағдарламамақсаты –білім беру сапасын бағалап әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасамақ.
Университеттің академиялық әлеуетін көтеруге бағытталған аккредитация әрі студенттерге жоғары сапалы білім беру мүмкіндіктерімен қатар, білім беру стандарттарын халықаралық талаптарға сай келтіруқадамдарын да қамтиды.
НМУ проректоры, PhD Ершат Оңғар «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA)» сараптамалық тобының сыртқы аудиті Нұр-Мүбарак университетінің ғана емес, отандық діни білім сапасына жаңа серпіліс береді деген сенімін білдірді. Себебі БСҚА (IQAA) – білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары сапасын бағалау саласындағы 2008 жылы құрылғаналғашқы қазақстандық мемлекеттік емес, коммерциялық емес мекеме. Оның қызметі барлық мүдделі тараптардың: студенттер, ата-аналар, академиялық қызметкерлер, сондай-ақ білім беру ұйымдарының, қоғамның және жұмыс берушілердің қажеттіліктерін қарастыруды көздейді.
© Copyright 2024 All Rights Reserved