Сайысқа қатысушы 2 ші, 3 ші н/е 4 ші номинациялардың бірін таңдаған жағдайда сауалнамада қай параларды жаттағандығын санмен жазып көрсетуі керек.
Сайысқа қатысушы талап етілетін параларды толық жаттаған болуы қажет сондай-ақ паралары толық болуы керек, яғни екі бөлек жерден жарты-жарты параны біріктіріп ұсынуға болмайды;
Сайысқа қатысушы құжаттарын ұйымдастырушылар белгілеген мерзімге дейін толық тапсыруы керек.
Үміткер Құран сайысына тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады;
Сайысқа қатысушы Республикалық н/е Халықаралық жарыстарда Құранды толық жатқа оқудан жүлделі (I, II н/е III) орындар алмаған болуы керек.
Алдыңғы екі жылда яғни 2022 және 2023 жылғы Нұр-Мүбарак университетінде өткен Республикалық Құран сайысында 10 пара, 3 пара н/е 1 пара бойынша (I, II н/е III) орын алған жеңімпаздар биылғы 2024 жылғы сайысқа тек жоғары номинацияларға ғана қатыса алады, яғни 3 жыл көлемінде (өзі жүлдегер болған) алдыңғы номинациясы бойынша сайысқа қайтадан қатыса алмайды.
Сайысқа қатысушы сайыс барысында қазақи-діни киім үлгісін сақтауы тиіс.
Сайысқа қатысушының құжаттары Наурыз айының 25 не дейін ғана қабылданады.