АЛМАТЫНЫҢ АЖАРЫН АША ТҮСКЕН Ramadan-LIFE!

Бүгін Нұр-Мүбарак университетінің ұйымдастыруымен, Алатау ауданы әкімдігі, Білім-Қазына қоғамдық қорының қолдауымен Ramadan-LIFE атты сенбілік өтті. Сенбілік барысында университет студенттері Нұркент ықшамауданының тазалығы мақсатында түрлі қоқыстардан тазартты.

Сенбілік барысында университет студенттері Нұркент ықшамауданының тазалығы мақсатында түрлі қоқыстардан тазартты. Іс-шарада Алатау ауданы әкімі Азамат Бескемпірұлы, Алматы қаласы Бас имамы Төле би Дәділұлы, НМУ Тәрбие істері және Әлеуметтік даму департаменті директоры Байзақ Мақсат алғы сөз сөйлеп, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей сенбілік жұмыстарын студенттермен бірге атқарды. Сонымен қатар сенбілікке қолдау көрсету мақсатында Әділет Рахметолла, Әділет Темірбекұлы және қала имамдары ат-салысты.

Сенбілік қасиетті Рамазанның мейірім мен тазалық айы екендігін әрі рухани тазалықпен бірге қоршаған ортаның тазалығына да мән беру керек екендігін жастар мен қала тұрғындарына насихаттау.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.):

«Тазалық – иманның жартысы»,- деген (Бухари,Муслим) хадисіне амал ету де негізгі мақсаттардан. Көктемнің көркем күндерінде тазалыққа бөленген Нұркент ықшамауданының тұрғындары сенбілік ұйымдастырушыларға зор алғыстарын жаудырды.

592