ЕЛІМІЗДЕГІ ДІНИ САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН БІР АЙЛЫҚ КУРС БАСТАЛДЫ

01.06.22 11:00

Бүгін Нұр-Мүбарак университетіне еліміздің түкпір-түкпірінен діни салаға тікелей қатысы бар 73 маман, яғни теологтар, исламтанушылар, имамдар, дінтанушылар бас қосты.

 Олар бүгіннен бастап «Исламдық бағыттағы деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларды радикалды көзқарастан арылту және оңалту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру» курсында бір ай бойы білімін жетілдірмек. Бұл курс Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті мен Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы ұйымдастыруымен биыл үшінші рет өтуде.

Курстың салтанатты ашылуында ректор, профессор Мұхаммад аш-Шаххат кіріспе сөз сөйлеп, діндегі Отанға қызмет пен орта жолды ұстанудың маңызына тоқталып, барлығына сәттілік тіледі. Ал НМУ ДЭҚІҚО директоры Тимур Нүсіпханұлы дәрістердің өту барысы мен курсқа жауапты маман университеттің қауым.профессоры Сұлу Исабаевамен таныстырып өтіп, ары қарай дәрістер басталып кетті.

Бүгінгі қоғам мен уақыт талап еткен мәселелерді қамтитын 16 пән 140 академиялық сағатқа негізделген курсқа еліміздің барлық аймағынан діни салаға тікелей қатысы бар мамандар қамтылған. Әдістемесі бойынша курс академиялық тәсілімен және дерадикализация әдістерінің академиялық мәселелерін, мақсатты топтармен (радикалдармен) атаулы түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және деструктивті діни ағымдарға ерушілермен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін қамтитын өзекті дәрістік бағдарламасымен ерекше. Ал оқыту бойынша ҚР-да өз саласында білікті әрі жетекші мамандардан құралған оқытушы-профессорлар, яғни еліміздегі бірегей ислами жоғары білім ордасы Нұр-Мүбарак ЕИМУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Гумилев атындағы ЕҰУ, сондай-ақ осы салада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (ҰҚСК) мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының тәжірибелі мамандар дәріс беруде.


Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

ПРЕСС РЕЛИЗ

Комитетом по делам религий Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан совместно с Египетским университетом исламской культуры Нур-Мубарак (далее – ЕУИК Нур-Мубарак) с 1 по 30 июня 2022 года проводит курс «Организация курсов повышения квалификации специалистов в области дерадикализации и реабилитации последователей деструктивной и радикальной религиозной идеологии исламского толка». Организатором курса является «Центр по противодействию религиозному экстремизму при ЕУИК Нур-Мубарак».

Курс состоит из 16 дисциплин и рассчитан на 140 академических часов. 73 слушатели курса являются специалистами, непосредственно занятые в религиозной сфере, а именно теологи, исламоведы, имамы и религиоведы, другие специалисты из всех регионов страны. По своей методике курс отличается академическим подходом и актуальной лекционной программой, включающей в себя академические вопросы методов дерадикализации, организацию адресной разъяснительной работы с целевыми группами (радикалами) и инструменты по работе с последователями деструктивных радикальных течении.

Обучение проводит высококвалифицированный профессорско-преподавательский состав включающий в себя ведущих специалистов ЕУИК Нур-Мубарак, КазНУ им. Аль-Фараби, Международного Казахско-Турецкого университета им. Х.А.Яссави, Евразийского Национального университета им. Гумилева, а также приглашенные опытные специалисты, известные в этой области из Национального совета общественного доверия (НСОД) и Академии Комитета Национальной Безопасности.

Адрес: г. Алматы, пр. Аль-Фараби 73, ЕУИК Нур-Мубарак;
Время: июнь, 2022 г.
Тел: +7 700 283 87 57

118