Қазақстандық 16 жоғары оқу орындары беретін ғылыми дәрежелер енді Мысыр еліндегі сәйкес университеттердің дипломдарымен тең дәрежеде. Бұл туралы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди хабарлады.
Профессор Мухаммад әш-Шаххаттың айтуынша, Египет Араб Республикасы университеттерінің Жоғары кеңесі арнайы қаулы қабылдап, Қазақстан Республикасындағы бірқатар жоғары оқу орындары беретін ғылыми дәрежелерді теңестірді.
Атап айтқанда:
Осы оқу орындарына 2021-2022 оқу жылынан бастап оқуға түскен студенттердің дипломдары ЕАР-дағы сәйкес мамандықтардың дипломдарына теңестіріледі. Ал осы кезге дейін оқу түскен студенттердің жағадайы жеке-жеке қарастырылады.