НМУ-ДІҢ 4 ТҮЛЕГІ «DUBAI EXPO»-ДАН ОРАЛДЫ

Соңғы уақытта әлемдік деңгейдегі ең маңызды шараның бірі болған «Dubai Expo»-да Нұр-Мүбарак университетінің төрт бірдей түлегі Қазақстанның мәдениеті мен жетістіктерін жаһанға танытуға зор үлесін қосып қайтты.

DUBAI EXPO - 2022

Баршамызға белгілі, 2020 жылға жоспарланған Біріккен Араб әмірліктеріндегі Дүниежүзілік көрме әлемдік пандемиялық жағдайларға байланысты бір жыл кешігіп, былтыр қазан айында басталып, 31 наурызға дейін жалғасқан болатын. Әлемнің 200-ге жуық мемлекеттері арасында Қазақстан да өз мүмкіндіктерін ұсынды. Осындай маңызды шараға Нұр-Мүбарак университетінің түлектері: Айсана Сейдалиева, Сафия Ерғазиева, Нұржан Байжігітов және студентіміз Фатихсұлтан Ерғазиев.  

«Dubai Expo» Таяу Шығыстағы тұңғыш және «Экспо» тарихындағы алғашқы (яғни 170 жыл ішінде) барлық қатысушы елдердің өз павильондары болған дүниежүзілік көрме болып саналды.

  • Бұл университеміздің ғана емес, бүкіл отандық арабистика тарихында орын алмаған үлкен жетістік деп санаймын! Ешқандай араб мемлекетіне бармай-ақ, 4 жылдың ішінде тіл иелерінің деңгейінде сөйлеу, түсіну дәрежесіне жету университеміз тіл оқытуда қолданып жатқан әдістердің дұрыс екеніне айқын дәлел бола алады,-дейді Араб және ағылшын тілдер кафедрасының аға оқытушысы Олжас Шаяхметов.

Сондай-ақ ол «Бірнеше жыл бойы насихаттап келе жатқан «тіл – қолдану» қағидамыздың жемістері студенттеріміздің жетістіктерінде көрінісін тауып, болашақта да Алланың қалауымен оңтайлы әсерін тигізе бермек. Өйткені әлемдік тілдердің бірі болған араб тілін меңгеру, дұрыс методиканы қолданған жағдайда, жасына қарамастан кез келген адамның қолынан келетін іс»,- деді сөзін жалғастырып
Естеріңізде болса, араб журналистикасының отаны, «әл-Жәзира» арнасының штаб-квартирасы орналасқан Қатардағы Доха Жоғары оқу орнына кейінгі кейінгі білім беру институтында журналистика мамандығы бойынша магистратурада білім алып жатқанын бөліскен болатынбыз. Осындай университет ұжымының 20 жылдық еңбегінің жемісі халықаралық деңгейде өз жемісін беруде.

 
733