ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТАЛҒАР ДАЙЫНДЫҚ КУРСЫНА АРНАЙЫ КЕЛДІ

Нұр-Мүбарак университетінің Талғар дайындық курсынаҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы ат басын тіреді. Проректор, PhD Қайрат Құрманабев пен дайындық курсының ұжымы Бас мүфтиді арнайы күтіп алып, оқу кешеннің тыныс-тіршілігіміне жіті таныстырды.

Арнайы кездесу барысында Бас мүфти шәкірттермен сұхбаттасты. ҚМДБ Төрағасы оларды білім жолында талмай ізденуге шақырып, университетке жолдама алуына тілектестік білдірді.

Нұр-Мүбарак университетінің Дайындық курстарына жауапты Бас маман әрі Талғар ұлдар және Қыздар дайындық курстарының директоры Жарқын Еркінұлы: «Бұл дайындық курсы ашылғалы Бас мүфтидің арнайы келуі алғаш рет және жұмысымызға оң баға беруі біз үшін бұл үлкен мәртебе әрі жауапкершілік»,-деп өз әсерімен бөлісті.

Бүгінде «Нұр-Мүбарак» университетінде 6 дайындық курсы жұмыс істесе, соның алғашқысы – 2010 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Кеңдала ауылында ашылған осы дайындық курсы. Әрі мұнда 2017 жылдан бері қыздар бөлімі де дербес шәкірттер дайындауда.

Мұнда шәкірттерге білім алуға толық жағдай жасалған. Шәкірттер ақида, фиқһ, Құран тәжуиді, араб тілі және Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен дәріс тыңдайды. Дайындық курсының түлектері «Нұр-Мүбарак» университетіне жолдама алады.

1,910