НҰР-МҮБАРАК ЕИМУ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ СӘТТІ БАСТАЛДЫ

НҰР-МҮБАРАК ЕИМУ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ СӘТТІ БАСТАЛДЫ


Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 20 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық рухани тұтастықты дамытудағы діни білім берудің маңызы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция сәтті басталды.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 20 жылдық мерейтойына арналған «ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ТҰТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДІНИ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция сәтті басталды.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму вице-министрі Серік Рахметоллаұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері, Мысыр Араб Республикасы Уақыфтар вице-министрі, профессор Жабир Таиғ Султан, әлемге әйгілі әл-Азһар университетінің ұстаздары, БҰҰ, АҚШ, Мысыр, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің дін саласының ғалымдары офлайн ғана емес онлайн да қатысты.

Сондай-ақ БҰҰ, Мысыр, Ресей, Түркия, Өзбекстаннан келгені дін өкілдері, әріптес оқу орын басшыларына сөз берілді. Ал Индонезия ислам университеті, Азербайжан теология институты, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы, CECF Foundation ұйымы  (АҚШ)  онлайн (Online) қатысып сөз сөйледі. Ал қырғызстаннан Кувейт  Халықаралық   университеті ұжым болып онлайн құттықтау білдірді.  

Конференцияның пленарлық мәжілісі ардагер ұстаздар мен ұзақ жылдар еңбегі сіңген қызметкерлерге Алғыс хаттар мен мерейтойлық төсбелгілер табыс етілді.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 

1,260