«Білімгер Battle» интеллектуалды сайысы

Нұр-Мүбарак университеті Дайындық курстарының жеңімпаздары анықталды

«Білімгер Battle» интеллектуалды сайысы

НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІ ДАЙЫНДЫҚ КУРСТАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгінде Нұр-Мүбарак университетінің бес дайындық курсы қарқынды шәкірт дайындап келеді. Ал осы оқу орталықтарындағы шәкірттердің білім деңгейін анықтау үшін «Білімгер Battle» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылып, «Нұр-Мүбарак кубогі»  сарапқа түсті. Ақтөбе, Шымкент қалалары мен Алматы облысындағы Талғар, Бақанас елді-мекендеріндегі  4 ер, 1 қыз балалардың дайындық курстарынан 5 топ қатысып, тек білімдерін ғана емес, зеректіктерін де сынға салды.

Дайындық курс жайлы бейнетаныстыру, Ақылдылар аукционы, Білім бәйгесі, Тіл білгірі, Ғажайып алаң деген 5 кезеңнен тұратын сайыста шәкірттердің жан-жақтылығы байқалды. Алайда білім мен шапшаңдықпен дес бермей келе жатқан ақтөбелік «Аңсар» тобы соңғы «Ғажайып алаң» кезеңінде Талғардан келген «Кәусар» қыздар дайындық курсының тобына есе жіберіп алды. Яғни орта деңгейдегі сауалдарды таңдаған арулар бірден биік балды сауалдарға ұмтылған ұлдарды артқа тастады. Қатысушыларды анықтаған қазылар алқасы жеңімпаздарды анқтау оңайға соқпағанын айтып, шәкірттерге қате-кемшілік, артықшылықтарға сай өз кеңестерін де айта кетті.

Нәтижесінде:

1 - орын

«Кәусар»

( Талғар қыздар дайындық курсы)

2 - орын

«Аңсар»

(Ақтөбе)

3 - орын

«Алаш ұлдары»

(Талғар ҰДК)

4 - орын

«Фирдаус»

(Шымкент)

5 - орын

«Бояулы»

(Бақанас)

Осылайша университеттің Тәрбие және әлеуметтік даму департаменті мен Дайындық курстарына жауапты Бас маман Жарқын Еркінұлы ұйытқы болған  ауыспалы «Білімгер кубогі» Талғар қаласындағы Қыздар дайындық курсына аттанды.

Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар, дайындық курстарының жетекішлеріне Алғыс хаттар табыс етілді. Сондай-ақ «Білім-Қазына» қоғамдық қорының президенті Оралхан Сейдманов ер балалармен үзеңгілесіп білімдерін сарапқа салған қыздар тобына арнаған сыйақысының дәл жеңімпаздарға дөп келгеніне ризашылық білдірді.

1,799