НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ, ДОЦЕНТ
ҚАЙРАТ ҚҰРМАНБАЕВ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев «Құрмет» орденімен марапатталды.

ҚР-ның жоғары марапаттарының қатарындағы бұл төсбелгіге ие болған PhD докторы, доцент Қайрат Құрманбаев біршама уақыттан бері ғылым дамуына сүбелі еңбектері мен зерттеулері, ғылыми монографияларымен ат салысып қана қоймай, бүгінде ислам білім саласында жоғары білім беру жүйесінде басқару қызметін атқарып келеді.

ҚР Президентінің Жарлығымен белгіленген бұл орденмен экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білімді дамытуға еңбек сіңірген қайраткер азаматтар марапатталады.

НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ ПРОРЕКТОР, ДОЦЕНТ ҚАЙРАТ ҚҰРМАНБАЕВТІ ЖОҒАРЫ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАП, ДЕНІҢІЗГЕ САУЛЫҚ, АЛАР АСУЛАРЫҢЫЗ АРТА БЕРУІНЕ ТІЛЕК БІЛДІРЕМІЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

1,099