Университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев бірінші кезекте студенттердің талап-тілектеріне назар аудары қажеттігін алға тартты. Қазір ақпараттық-технология кезеңі қарыштап дамыған сайын жас ұрпақтың да талабы қатар өсуде. Сондықтан білім беру бағдарламалары білім алушы тараптан оқ бойы озық жүру үшін үнемі жаңартылып, жетілдіріп отыруды талап етеді. Сол себепті оқытушы-профессорлар жан-жақтылық пен біліктілікті шыңдай түсуге мүдделі екені баса айтылды. Басқосу барысында ғылым саласын дамыту, қосымша курстарды жетілдіру, тіпті болашақ ғимараттың да құрылыс барысының есебі тыңдалып, ұсыныс, пікірлер де айтылды. Бүгінгі қорытынды жиын нәтижесі, студенттердің де талап-тілектері жаңа оқу жылында жан-жақты ескерілу қажеттігіне тоқтам жасалды.