Еліміз үшін ең қастерлі –
Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Бұл халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған, ата-бабамыздың батасымен, ​ аналарымыздың ақ тілегімен, көсемдердің көксеуі, даналардың жасымен, батырлардың ерлігімен, жастардың жалынымен, шейіттердің қанымен келген, арман күн!

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болған азат күнге, бодандық құрсауын бұзып-жарған жігерлі жастардың қыршын ерліктеріне бүгін – 35 жыл болса, желтоқсанда мұзға жаққан алауынан тоң еріп, Тәуелсіздік байрағының еліміздің көгіне көтерілгеніне – 30 жыл!

✔️Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысты жігерлеп, қазақты еркіндік сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Азаттық күні құтты болсын!

🔰Ерлік пен елдіктің, даналық пен сабырдың дастанынан өрілген бұл Тәуелсіздік күні – әрбірімізге аманат!

🇰🇿Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істер молайып, әрбір шаңыраққа амандық, береке дарып, ақсақалдарға даналық, азаматтарға даралық, жастарға жігер, сәбилерге күлкі сыйлап, бірлігі жарасқан өркениетті ел болуды нәсіп еткей🤲!

588