УНИВЕРСИТЕТТІҢ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТИМУР НҮСІПХАНҰЛЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 15 ШАРАДА ДӘРІС ОҚЫДЫ

Жамбыл облысында "Қоғамда радикалдық идеологияға қарсы иммунитет пен діни негіздегі экстремистік көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған профилактикалық кешенді іс-шаралар" жобасы аясында Нұр-Мүбарак университеті жанындағы "Діни экстремизмге қарсы күрес орталығының" директоры, теолог Тимур Нүсіпханұлы жүйелі дәрістер оқыды.

Жамбыл облысында «Қоғамда радикалдық идеологияға қарсы иммунитет пен діни негіздегі экстремистік көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған профилактикалық кешенді іс-шаралар» жобасы аясында Нұр-Мүбарак университеті жанындағы «Діни экстремизмге қарсы күрес орталығының» директоры, теолог Тимур Нүсіпханұлы жүйелі дәрістер оқыды. Соның бірі тараздық имамдарға діни экстремизмнің алдын-алу жайлы жан-жақты түсіндірілген семинар жүргізілді.
«Һибатулла Тарази» мешітінде өткен шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Тараз қаласының бас имамы Амантай Садиев, аталған мешіттің наиб имамы Бақтияр Амиреев пен қала имамдары қатысты.

Нұр-Мүбарак университетінің маманы ел ішіндегі жат ағымның алдын алу, теріс ағым мүшелерімен қалай сөйлесу, жұмыс барысында ескеру қажет қағидалар жөнінде тереңірек қозғап, имамдардың сауалдарына жауап берді. 

Бас имам Бейбіт Мырзагелдиев те теріс ағымдармен жұмыс барысында  сақ болып қана қоймай, оларға діни тұрғыда үлгі болу керектігін атап өтті. 

Тимур Нүсіпханұлы

"Діни экстремизмге қарсы күрес орталығының" директоры, теолог

Нұр-Мүбарак университетінің маманы ел ішіндегі жат ағымның алдын алу, теріс ағым мүшелерімен қалай сөйлесу, жұмыс барысында ескеру қажет қағидалар жөнінде тереңірек қозғап, имамдардың сауалдарына жауап берді. 

Бас имам Бейбіт Мырзагелдиев те теріс ағымдармен жұмыс барысында  сақ болып қана қоймай, оларға діни тұрғыда үлгі болу керектігін атап өтті. 

Ал Жамбыл облысының Дін істері басқармасы басшысы Жангелді Омаров еліміздегі бірегей ислами жоғары білім ордасы Нұр-Мүбарак университетімен тығыз байланыс орнатуға ниет білдіріп, жат ағымдарға қарсы күресте университет ғалымдарының көмегі орасан екендігін атап өтті.

Тараз қаласы, Жамбыл, Меркі аудандарында карантин талаптары сақтала отырып, төрт күнге жоспарланған радикалды діни идеологияларға қарсы 15 шара қатысушыларға пайдалы да тың ақпараттармен қамтылды.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі  

1,821