УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫЛАР
РЕЙТИНГІСІ АНЫҚТАЛДЫ

Студенттердің білім сапасын арттыру мақсатында Нұр-Мүбарак университетінде жыл сайын профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) қызметін бағалау арқылы рейтинг жарияланады.

Биыл да университеттің Сапа менеджмент жүйесі бөлімі жариялаған рейтингке төрт кафедраның, атап айтқанда: Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасынан – 13, Дінтану кафедрасынан – 19, Араб және ағылшын тілдер кафедрасынан – 15, Исламтану кафедрасынан – 28 оқытушы қатысты.

«ПОҚ рейтингісін анықтау оқытушылардың ізденісін арттырып, қосыша еңбектер шығаруына, бәсекелестікке қабілетті сапа қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан біз барлық оқытушылардың қатысуына мүдделіміз әрі бұл жылда дәстүрлі түрде жалғасып., жемісін көрсетіп келеді»,-деді СМЖ бөлімінің меңгерушісі қ.профессор Ш.А.Әділбаева. Барлығы 75 оқытушы өзара ғылыми зерттеу, оқу және ғылыми-әдістемелік, біліктілікті арттыру, академиялық ұтқырлық және тәрбие жұмыстары бойынша 36 талапқа сай жұмыстарын ұсынды.

Нәтижесінде:

1-орын Гүлдархан Рысбаева филол.ғ.к., доцент (ААТ);

2-орын Дариға Қапасова филол.ғ.к.,қ.профессор (ЖУГП);

3-орын Жалғас Сандыбаева филос.ғ.к., доцент (Исламтану) иеленді.

Сондай-ақ биылғы ерекшелік магистр-оқытушылар арасында да үздіктер анықталды.

1) Нұржан Стамбакиев (Исламтану),

2) Бижан Илесбеков (Исламтану),

3) Жадыра Сариева (ААТ)

Үздік оқытушылар арнайы сертификатпен марапатталып, жеңімпаздарға «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры арнайы сый-сыяпаттарын жасады.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

124