Нұр-Мүбарак университетінде Дүниежүзілік араб тілі күні атап өтілді. Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасының әнұранымен басталды.
Нұр-Мүбарак университетінде Дүниежүзілік араб тілі күні атап өтілді. Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасының әнұранымен басталды.
Нұр-Мүбарак университетінде Дүниежүзілік араб тілі күні атап өтілді. Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасының әнұранымен басталды. Бұл мерекеге Біріккен Араб Әмірліктерінен Халықаралық мәдени Дипломатия институтының президенті доктор Мұхаммед Камел Аль-Мейни басқарған делегация, университет студенттерімен қатар оқытушы-профессорлар қатысты. Араб тілінің құндылығы жайлы арнайы бейнебаяннан кейін ЕАР-дың Уақыптар министрі, профессор Мұхаммед Мұхтар Жұманың бейнежолдауы қосылып, мәртебелі министр Қазақ еліне Мысыр халқының сәлемін жолдады. ол мемлекетке сәлем жолдады. Алғы сөзді Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат әл-Жинди мен проректор, PhD доктор Қайрат Құрманбаев жалғастырды. Араб тілінің құндылығы айтылып, студенттерге тіл үйренудің маңызы насихатталды.
АҚШ барлау қызметі шығарған Дүниежүзілік фактілер кітабының (World Factbook) дерегіне сай 2050 жылы дүние жүзінде араб тілінде сөйлейтін халық саны шамамен 650 миллионға жетпек, бұл сол кездегі әлем халқының 6,94 %-н құрайды. Ал тілдер рейтингінде сөйлетіндер бойынша араб тілі 6,6 % көрсеткішпен әлемде төртінші орында. Әлемге кең тараған халықаралық тілдердің бірі саналатын бұл тілде 480 млн. астам адам сөйлесе, оның 310 млн. бірінші тіл ретінде, ал 170 млн. адам екінші тіл ретінде сөйлейді.
Араб тілі – белгілі бір аймақтың халқы сөйлейтін тілі емес, ол ағылшын, испан, француз тілдері секілді географиялық аймақтарға қарамай, әртүрлі халыққа жеткен, дүние жүзіндегі бір жарым миллиард мұсылманның құлшылық жасайтын қасиетті тілі. Ал сөз байлығы жағынан да алдыңғы қатарда. Ғалымдар арасында араб тілінің сөздік қоры төңірегінде әртүрлі пікір бар. Бұл басқосуда осындай қызықты әрі маңызды деректер айтылып, тіл саласында жүйрік студенттер де марапатталды.
This text briefly introduces visitors to your main services.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
© Copyright 2024 All Rights Reserved