Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде АҚШ, Түркия, Малайзия, Индонезия, Мысыр, Пәкістан, Шешенстан, Ресей және отандық дін ғалымдары киберкеңістіктегі мүмкіндіктер мен олқылықтар төңірегінде жан-жақты талқылады.
Ал цифрлық дәуірдегі киберкеңістік аясына қатысты маңызды баяндамалар ұсынған ғалымдар тобын Малайзия халықаралық ислам университетінің Исламдық банкинг және қаржы институты деканының орынбасары проф. док. Хабибулах Закария бастады.
Мариланд университетінің профессоры док. Сахар Мохамед Хамис (АҚШ), Тенага ұлттық университетінің (UNITEN) проректоры проф. док. АбдулАзиз Бинмат Иса (Малайзия), Исламабад халықаралық ислам университетінің Ислам зерттеу институтының бас директоры проф. док. Мухаммад Зия Ул-Хақ (Пәкістан), НМУ жанындағы Ә. Ханифа ҒЗО директоры фил.ғ.д., профессор Керім Шамшәдин Тұрсынұлы, Мақасид институтының атқарушы директорының орынбасары проф. док. Ильдус Рафиков (Түркия, Ресей), Малайзия Халықаралық Ислам Университеті Ислам банкі және қаржы институтының профессоры проф. док. Ашуров Шарофуддин (Малайзия), Шешен Республикасы Мүфтиінің көмекшісі, Шешен Республикасы мұсылмандары діни басқармасының сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі Рамзан Межиев, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің профессоры, Геосаяси зерттеулер институтының директоры, т.ғ.д., проф. Асылбек Избаиров, Индонезия Ислам университеті, Ислам экономикасы оқу бағдарламасының басшысы Рейза Виргиаван, Lc., M.E. (Индонезия) тақырып аясында баяндама ұсынды.
Сондай-ақ қатысушыларға отандық «Sajda App» қосымшасының өкілі Нурдаулет Оспанбековтың баяндамасы қызығушылық тудырды. Ал «Нұр-Мүбарак онлайн академиясы» жобасымен таныстырған жоба жетекшісі Естай Қалмұраттың да жаңалықтары көпшілікті елең еткізді.
Конференция қазақ, араб, ағылшын тілдеріндегі лездік аудармадағы үш тілдік нұсқада университеттің YouTube арнасында тілекелй эфирде ұсынылды.
Майындағы Франкфуртта орналасқан университет оқу орны ретінде 1484 жылдан бастау алып, 1912 жылы университет болып құрылған. Қазір Еуропадағы танымал, Германияның ең ірі 5 университеттерінің бірі. Бұл университетте құқықтық, экономикалық, әлеуметтік ғылымдар, педагогика, психология және спорт ғылым, інжілдік теология, католик теология, философия және тарих, лингвистика және мәдениеттану, жаңа филология, геология және география, информатика және математика, физика, биохимия, химия және фармация, биология, медицина салалары бойынша факультеттер бар.
Кездесу барысында неміс университетінің тыныс-тіршілігімен танысқан қазақстандық тарап Нұр-Мүбарак университетінің тарихы мен болашақ жоспарлары жайлы бөлісті. Қос тарап әріптестік орнатып, ынтымақтастықты дамытуға ықылас танытып, екіжақты меморандум жасауға келісті. Болашақ меморандум аясында ортақ ғылыми жобалар, студент, оқытушы-профессорлық алмасулар мен тағылымдама, тәжірибеден өту, т.б. жасалмақ. Келелі кездесу аясында естелік сыйкәделер көрсетіліп, ислам ғылымының дамуына қатысты озық ойлар талқыланды.
© Copyright 2024 All Rights Reserved