Кафедра иностранной филологии и переводческого дела

Кафедра туралы

Кафедраны PhD доктор Махмуд Фуад (2001-2007), PhD доктор Махмуд Абдул Хафиз (2007-2008), PhD доктор Абд ар-Рахман Саад Хасан Мұхаммед Хижази (2008-2013), аға оқытушы Е.Б.Нүсіпбаев (2014-2018), PhD доктор Б.М.Манабаев (2018-2021), PhD доктор Ж.А.Жумашова (2021-2023) басқарған.

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі қызметін ф.ғ.д., профессор Рысбаева Гульдархан Калиевна басқарып келеді.

Кафедрада 2 ғылым докторы, 2 ғылым кандидаты, 10 PhD доктор, 8 ғылым магистрі және 8 аға оқытушы қызмет атқарады.

Кафедра миссиясы:

Тереңтеориялық білімі және жоғары ұлттық менталитеті мен кәсіби деңгейі бар, жан-жақты дамыған аударма ісі және шетел филологиясы саласында араб және ағылшын тілдерін еркін меңгерудің практикалық дағдыларын тиімді қолдана алатын маман даярлау.

Кафедраның меңгерушісі:

РЫСБАЕВА ГУЛЬДАРХАН КАЛИЕВНА
ф.ғ.д, профессор

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің доценті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. 2013 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері, 3 монография, 5 оқу құралының авторы. Ол көптеген шет елде болып, ғылыми тағлымдамадан өткен, атап айтқанда Франция, Германия, Англия, Бельгия, Түркия, т.б. және халықаралық және республикалық конференция, симпозиум, семинарларға қатысып тұрады. Tomson Reuters, Scopus халықаралық және республикалық ғылыми басылымдарда мақалалары жарық көрген. 2023 ж. қыркүйек айынан бастап Нұр-Мүбарак университетінің Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі.

Профессорско-преподавательский состав