Кәсіби мерекеміз құтты болсын, құрметті әріптестер!
Тарих парағын алғаш ашқан 1 қазан – Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елімізде биыл Жоғары білім қызметкерлері күні жаңа кәсіби мереке ретінде алғаш рет аталып өтуде. Бұл өте құптарлық қадам. Жоғары білім саласының қашанда отандық ғылымның, инновация мен білім-ғылымның дамуына ықпалы орасан.
Отандық діни һәм ислами білім мен ғылымның қара шаңырағына айналған Нұр-Мүбарак университеті білімді де білікті мамандар даярлай отырып, жоғары білім мен ғылым саласында өз орнын айшықтап келеді. Біздің мақсатымыз тек маман даярлау ғана емес, қоғамды рухани құндылыққа кенелтетін тұлғалар тәрбиелеу. Келешек ұрпақтың иманды да кемел болуы бізге тікелей байланысты. Себебі, дінімізде оқу мен білімге ерекше көңіл бөлу – соның дәлелі.
Осындай жауапты да сауапты қызметте, қоғамның рухани ғана емес, ғылыми әлеуетін дамытуға, тәуелсіз Қазақстан үшін дін саласындағы инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізудегі баға жетпес қызметтеріңіздің ел дамуындағы орны ерекше.
Отандық жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан тың үлестеріңіз үшін Сіздерге шын ықыласпен алғысымды білдіремін!
Университетіміздің әрбір қызметкері мен еліміздегі әрбір әріптесімізге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігіндегі еңбектеріңізге абыройлы жаңа табыстар тілеймін!
Құрметпен,
Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор
Ершат Оңғар
© Copyright 2024 All Rights Reserved