Нұр-Мүбарак университетіндегі студенттер саны артқан сайын, жаңадан салынып жатқан оқу ғимаратына деген сұраныс күшейе түсуде. Осы орайда НМУ проректоры, PhD доктор Ершат Оңғар құрылыс нысанын арнайы аралап шықты.

НМУ ПРОРЕКТОРЫ ЖАҢА ҒИМАРАТ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҒДАРЛАДЫ

0S2A1260 (2)

Нұр-Мүбарак университетіндегі студенттер саны артқан сайын, жаңадан салынып жатқан оқу ғимаратына деген сұраныс күшейе түсуде. Осы орайда НМУ проректоры, PhD доктор Ершат Оңғар құрылыс нысанын арнайы аралап шықты. Әуелі құрылыспен айналысушы «Коктобе Строй Недвижимость» ЖШС Бас директоры Бауыржан Калиев пен директор Абылайхан Баймұратты қабылдап, құрылыс жұмыстарының ағымдағы жағдайымен танысты.

Заманауи талаптарға сай жаңа ғимарат 9 қабатты, жалпы ауданы 30 000 м² қамтиды. Онда оқу аудиториялары, зертханалар, кітапханалар, конференц-залдар мен оқытушыларға арналған кабинеттер, сондай-ақ студенттерге арналған демалыс орындары мен басқа да әлеуметтік нысандар қарастырылған. 

Проректор Ершат Ағыбайұлы оқу ғимаратының еліміз үшін ерекше маңызы бар екенін әрі Қазақстанның білім мен ғылымына орасан үлес қосатынына сенім білдірді. Сондықтан компания басшыларына ғимарат құрылысы тәуелсіз еліміздің болашағы үшін сауапты іс ретінде ерекше жауапкершілікті талап ететінін ескертті. 

Қазіргі таңда ғимараттың 3-4 қабаты аяқталып келеді. Құрылыс нысанын аралау барысында алдағы қысқы маусымға дайындық пен қаржы мәселелері талқыланды.

Жаңа ғимараттың құрылысына «Нұр-Мүбарак» қоры қаржылай ұйытқы болуда. Бұл жоба университеттің материалдық-техникалық базасын нығайтып қана қоймай, студенттердің тиімді оқу үдерісін қамтамасыз етуге ықпал етпек. Ғимарат құрылысы аяқталған соң, Нұр-Мүбарак университеті діни және зайырлы білім беру саласында жаңа деңгейге көтеріліп, Қазақстандағы исламтану мен теологиялық зерттеулердің дамуына үлкен үлес қосады деп күтілуде.