Байқаудың I университетішілік кезеңі 2024 жылдың 1 қарашасында басталып, 11 қарашасына дейін жалғасады.
Байқаудың II Республикалық кезеңі 2024 жылдың 18 қарашасынан басталып, 2024 жылдың 13 желтоқсанына дейін жалғасады.
Байқауға құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде 5 жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі және оқытушылық және ғылыми қызметінде жоғары жетістіктері бар жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы (штаттық оқытушылары) қатыса алады.
Байқаудың мақсаты – университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби — педагогикалық мәдениетін, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру және оқытушылардың одан әрі кәсіби дамуына ынталандыруды арттыру арқылы ғылыми әлеуетінің белсенділігін ынталандыру болып табылады.
Байқау екі кезеңде өткізіледі – университетішілік және республикалық. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына қатысу үшін өтінім мен құжаттар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта қабылданады.
Жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылар құрамынан тұратын сарапшылар тобы келіп түскен барлық құжатты тексереді. Сараптама тобының қорытындысы негізінде комиссия байқауға қатысушылардың екінші – республикалық кезеңге қатысуы туралы шешім шығарады.
Айта кетейік, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары ақшалай ынталандырумен қатар төсбелгіге де ие болады. Байқау ақпараттық жүйе базасында өтеді, сәйкесінше конкурсқа қатысушылар барлық кезеңнің ашық өтуін бақылай алады.
Толық ақпарат: СМЖ бөлімі — Салтанат Бейсенбайқызы
© Copyright 2024 All Rights Reserved