Нұр-Мүбарак университеті тек отандық деңгейде емес, халықаралық дәрежеде де әріптестік қарым-қатынастарын нығайтуға мән беруде…

НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІ МАЛАЙЗИЯНЫҢ UNITEN УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

photo_5379734799721290700_y (1) — копия

Бұл бағыттағы жаңа қадам – Малайзияның UNITEN (University Tenaga Nasional) университетімен меморандумға қол қою.

University Tenaga Nasional (UNITEN) – 1976 жылы құрылған, Малайзияның алғашқы жекеменшік университеттерінің бірі. Оның басқаруын Tenaga Nasional Berhad (TNB) жүзеге асырады. Университеттің Путраджайя және Бандар Муадзам Шах деген екі кампусы бар. Бұл кампустарда академиялық бағдарламалармен қатар, әртүрлі салаларда оқыту сессиялары өткізіледі. Путраджайя кампусына кіретін оқу орындары: Инженерия колледжі, Ақпараттық технологиялар колледжі және Гуманитарлық ғылымдар институты.

Малайзиядағы Тенага ұлттық университетінің (UNITEN) проректоры, профессор Абдул Азиз Бин мат Иса Нұр-Мүбарак университетіне арнайы сапармен келген болатын. Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаев бұл әріптестіктің екі жаққа да пайдалы болады деген сенімде. Меморандум аясында түрлі ғылыми конференциялар, семинарлар, екі жақты оқыпуты-просессорлық құрам мен студенттер алмасу тағылымдамалары, академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясындағы байланыстар орнатылмақ.

Малайзиядағы Тенага ұлттық университетінің проректоры, профессор Абдул Азиз Бин мат Иса мырза да қазақстандық әріптестермен болашақ ынтымақтастықтың жемісті боларына сенім білдірді.