Танымал шығыстанушы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшірбек Мүминов Нұр-Мүбарак университетінің проректоры PhD доктор Ершат Оңғарды алғашқылардың бірі болып құттықтап келді.
Танымал шығыстанушы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшірбек Мүминов Нұр-Мүбарак университетінің проректоры PhD доктор Ершат Оңғарды алғашқылардың бірі болып құттықтады.
Ислам ынтымақтастығы ұйымының (OIC) құрамындағы IRCICA (Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығы) ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Әшірбек Құрбанұлының келіп құттықтауын проректор Ершат Ағыбайұлы халқымыздың «Қарапайымдылық — ұлылықтың белгісі» деген даналығының заманымыздағы шынайы өнегесі деп бағалады.
Әшірбек Мүминов бүгінде Түркияда орналасқан IRCICA орталығында Орталық Азиядағы ислам тарихын зерттеуші ғалым ретінде танымал. Профессор Әшірбек Құрбанұлы Нұр-Мүбарак университетінің еліміздегі діни тұрақтылықты сақтаудағы рөлі мен маңызына ерекше тоқталып, жаңа басшылықтың діни білім мен ғылымды дамытуда жаңа серпін береді деген сенімін білдірді. Ол университет ұжымының жұмысына қашанда қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Қазақстан мен Мысыр арасындағы беделді білім ордасының жаңа проректоры PhD доктор Ершат Ағыбайұлы мәртебелі ғалымның арнайы ат басын бұруын Нұр-Мүбарак университеті мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына деген жоғары құрметінің белгісі екенін атап өтті. Сондай-ақ айтары мен өнегесі мол аға буын ғалымға әрдайым сәттілік тілеп, өзінің төл еңбегі Құран Кәрімнің тәпсірін сыйға тартты. Ел игілігі, мемлекет мүддесі мен дін абыройы үшін мерейлі ғалыммен бірлесе қызмет ету зор мәртебе екенін айтып, алғысын білдірді.
© Copyright 2024 All Rights Reserved