Нұр-Мүбарак университетінің студенттері ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти, PhD доктор Ершат Ағыбайұлымен кездесіп, дәрісін тыңдады.

НМУ СТУДЕНТТЕРІ НАИБ МҮФТИМЕН КЕЗДЕСТІ

Тәжірибелі маман әрі ғалым Ершат Оңғар студенттерге білім алудың маңыздылығын жан-жақты айта келе: «Адамның білім алып жатқан уақыты – ең керемет, қайталанбайтын, тіпті дұға-тілектері қабыл болатын берекелі кезең. Дәл қазір қабыл болмаса да, күндердің күнінде кезіндегі арманыңыздың ақиқатқа айналғанына көзіңіз жетіп жатады. Еліміздегі бірегей ислами университеті қабырғасында өтіп жатқан уақыттарыңызды бағалап, білімге ұмтылыңыздар.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Алла оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді. Шынында періштелер міндетті түрде білім ізденушіге разы болғанын білдіріп, қанатын жаяды. Шын мәнінде ғалым үшін міндетті түрде аспандағы әрі жердегі бүкіл нәрсе, тіпті судағы балық та, Алладан оның күнәсының кешірілуін тілейді» деген.

Білім жайлы аят-хадистер өте көп. Ең бастысы уақыттарыңызды бағалап, ұстаздарыңыздың соңынан қалмай білім нәріне сусындап үлгеріңіздер»,- деп көркем насихат жасады. Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бекітілген 7 бағыттағы діни мекеменің жұмыс барысын түсіндірді. Бұл студенттер үшін болашақта жұмысқа орналасу мәселесінде алдын-ала бағдар алып, қазіргі уақыттан бастап дайындалуына арналған кеңес болды. Студенттер дәріс соңында наиб мүфтиге көкейіндегі сауалдар мен туындаған сұрақтарын қойды.

Our Services

This text briefly introduces visitors to your main services.

Service 1

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 2

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 3

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 4

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Why Choose Us

benefit 1

A short description of the benefit.

benefit 2

A short description of the benefit.

benefit 3

A short description of the benefit.

benefit 4

A short description of the benefit.

Client Testimonials

“A testimonial from a client who benefited from your product or service. Testimonials can be a highly effective way of establishing credibility and increasing your company's reputation.”
Client Name

A Title to Turn the Visitor Into a Lead

Use this short paragraph to explain how you will deliver this benefit to the visitor if they decide to work with you.
188