Еліміздің 20 өңірінен келген исламтанушылар мен имамдар, дінтанушы, теолог инспекторлар бүгін біліктілігін арттыруға арналған бір айлық курсты аяқтады. Еліміздің 20 өңірінен келген исламтанушылар мен имамдар, дінтанушы, теолог инспекторлар бүгін біліктілігін арттыруға арналған бір айлық курсты аяқтады.

ОТАНДЫҚ 77 ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІ АРНАЙЫ СЕРТИФИКАТҚА ИЕ БОЛДЫ

0S2A9281

Отандық ғалымдардан 15 пәннен 140 академиялық сағат дәріс тыңдаған 77 дін қызметкеріне Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежанов пен Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Қ.Құрманбаевтың қолымен арнайы сертификаттар табысталды. «Исламдық бағыттағы деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларды радикалсыздандыру және оңалту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру» курсы биыл бесінші жыл қатарынан өткізілді. Себебі курс отандық дін қызмекетерлерінің біліктілігін арттыруда едәуір оң нәтижелерін көрсетуде. Курс еліміздегі мақсатты топтармен (радикалдармен) атаулы түсіндіру жұмысын ұйымдастыруда және деструктивті радикалды ағымдарға ерушілермен жұмыс істеу құралдарын қамтитын өзекті дәрістік бағдарламамен, академиялық тәсілмен ерекше.

Курста ҚР МАМ жанындағы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшылары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институты, еліміздің жетекші оқу орындарының ғалымдары мен жоғары білікті мамандар дәріс оқыды.

Тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында «Радикалданудың алғашқы белгілері және алдын алу әдістері: діни мәтіндерді түсіну проблематикасы», «Теология және философия: олардың қазіргі әлемдегі арақатынасы», «Дін социологиясы және қазіргі діндарлықтың ерекшеліктері», «Конфликтология және конфликт барысындағы медиация», «Ханафи жамағаттарының радикалдануының қауіпі және факторлары» және тағы басқа тақырыптарда тест алынып, нәтижесінде мамандардың дәрежелері анықталды.

     2020 жылдан бері 400-ге жуық дін қызмекткері біліктілігін арттырған курста жыл сайын сауалнама жасалып, сараптама жүргізіліп отырады. Мамандар пікірлерімен қоса ұсыныстарын, алғыстарын ашық білдіреді. Соған сай, курстың тиімділігі ескеріліп, болашақта жалғасын таппақ.

Айша Аманқызы