Білім алушылардың әлеуметтік жағдайын ескере отырып оқуақысына10-20% дейін жеңілдік және жатақханада тегін тұру мүмкіндіктері қарастырылған. Сонымен қатар жергілікті әкімдіктер тарапынан әлеуметтік көмектер мен қосымша гранттар бөлініп отырады.
Жеңілдіктер алу үшін сіз өз жағдайыңызды растайтын анықтама қағаздарыңызды өткізуіңіз қажет.
Әрбір тәлімгерге мамандыққа сай жан-жақты білім алу, тұлғалық келбетін қалыптастырып, көшбасшылық қабілетін дамыту жолдары қарастырылған. Студент бейіміне қарай өзін-өзі бақсару клубына, студенттік деканатқа және«Samgau volunteers» еріктілерклубынақатыса алады.Сондай-ақ, қыздар үшін «….» қыздар клубы да жұмыс жасайды.
Студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту үшін «Ted edu Nur-Mubarak» алаңы, «Sheber» тігін өнерін дамыту клубы, сондай-ақ, домбыра, шахмат, ақындық-поэзия үйірмелері тұрақты жұмыс істеп келеді.
Білім алушылардың салауатты өмір салтын ұстануын қолдау мақсатында университеттеРектор кубогі турнирі, спорт секциялары (футбол, хоккей, күрес, бокс) және белсенді демалыс қимылдары (тарихи мекендер, табиғат аясы, тауға шығу, шаңғы, коньки) жүргізіліп отырады.
Университетте тәуелсіздік күні, мәуліт, наурыз, ораза, Құрбан айт, т.б. мерекелерде мәдени, рухани кештер тұрақты түрде ұйымдастырылады.
Медресе, колледж түлектері мен мектепті бұрын бітірген талапкерлер 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында app.testcenter.kz порталы арқылы онлайн өтінім береді. ҰБТ нәтижесімен 20 маусым мен 5 шілде аралығында университтеттің қабылдау комиссиясына хабарласып, шығармашылық емтиханға өтініш береді және шілде айының 13-20 күндері аралығында мемлекеттік білім гранты конкурсына өтінім бере алады.
Оқу сауаттылығы мен Қазақстан тарихынан тапсырады.
Оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, дүниежүзі тарихы, ағылшын тілі.
Исламтану, дінтану, теология білім беру бағдарламасына түсуші талапкерлер https://nmu.kz/kk/talapker-2 университет сайтындағы шығармашылық емтихан сұрақтары арқылы дайындала алады.
Шығармашылық емтихан «кәсіпке жарамдылығын анықтау» және «Дін негіздері» атты екі бейін бойынша аузыша өткізіледі. Әрбір шығармашлық емтиханның ең жоғары балы -45.
Исламтану, дінтану, теология білім беру бағдарламаларына түсуші талапкерлер оқу сауаттылығы мен қазақстан тарихы пәндерінен ҰБТ және 2 шығармашылық емтихан тапсырады. Егерде талапкер ҰБТ-ден бес пәннен тест тапсырған болса, шығармашылық емтихан тапсыру арқылы жоғарыда көрсетілген білім беру бағдарламаларына тапсыра алады.
Ұлты қазақ емес, шетел азаматтары университетке сұхбат негізінде қабылданады. Оқу түрі — ақылы.
© Copyright 2024 All Rights Reserved