Нұр-Мүбарак университетінің қызметкерлерінен құрылған құрама футбол командасы қалалық сайыста топ жарды.

АЛМАТЫДАҒЫ ФУТБОЛ ЖАРЫСЫНДА НМУ КОМАНДАСЫ ТОП ЖАРДЫ

photo_5381969277931869680_x

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті ұйымдастырған теңбіл доп жарысына барлығы 8 команда қатысқан. Бұл сайыс көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-ғалым, педагог Санжар Жаппарұлы Асфендияровтың туғанына -135 жыл толуына орай Алматы қаласы ЖОО-ның профессор-окытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында ұйымдастырылған.
Атап айтсақ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, ДостарМед клиникасы, ҚазақМед медорталығының командалары өзара бақ сынады. Нұр-Мүбарак футбол командасының капитаны Дархан Жұмашевтің айтуынша, топтык кезеңде НМУ футбол құрамасы бәсекелес ҚазҰАУ, ДостарМед, Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ командаларын шаң қаптырып, жартылай финалға жолдама алған. Ал жартылай финалда алаң иелері С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ командасынан басым түсіп, ақтық сында ҚазМед орталығының командасымен сынға түсті.

Нәтижесінде, қарсыластарға есе жіберіп, екінші орынның арнайы мадақтамасы мен жүлдесін иеленді. НМУ футболшыларының айтуынша, бұл жетістік те қуанарлық көрсеткіш. Себебі өткен жылы НМУ командасы жасыл алаңда 4-ші орынды місе тұтқан болатын. Демек, жеңісті күндер күн санап жақындап келе жатқаны байқалады!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Жеңісті де жемісті күндеріңіз көп болғай!