1-казан

Биыл Қазақстанда Жоғары білім қызметкерлері күні жаңа кәсіби мереке ретінде алғаш рет аталып өтуде. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 11 маусымдағы қаулысымен жоғары білім беру саласының қызметкерлеріне құрмет көрсету және олардың ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесін бағалау мақсатында «1 ҚАЗАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ» болып белгіленді.

«Жоғары білім саласы – ел ғылымы мен білімінің қарқынды дамуына айрықша әсер ететін қозғаушы күш. Бұл ретте оқу орындары мен олардың қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту білім беру ортасын қалыптастырудағы, ғылымды дамытудағы маңыздылығын еске салып, жоғары білім беру саласындағы мамандардың беделін көтеруге ықпал етеді», — деп атап өткен ҚР Жоғары білім және ғылым министрлігі. 

Бұл кәсіби мереке Қазақстанның білім беру саласын нығайтуда, сондай-ақ оның қызметкерлерінің елдің қоғамдық дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесін мойындауда маңызды рөл атқарады. 

Қазақстанда 117 жоғары оқу орны бар (11 ұлттық университет, 27 мемлекеттік университет, 47 жекеменшік университет, 2 халықаралық университет).

Барша әріптестерді кәсіби мерекемен құттықтаймыз!