ОҢҒАР ЕРШАТ АҒЫБАЙҰЛЫ
Университет проректоры, исламтанушы, теолог, PhD доктор
Нұр-Мүбарак университеті – еліміздегі жалғыз ислами жоғары білім ордасы әрі ТМД аумағында баламасы жоқ ерекше ғылым орталығы. Іргетасы 1993 жылы қаланған университетіміз 2001 жылдан бастап дін саласындағы мамандармен бірге, тіл мамандарын да даярлап келеді. Бізде отандық ғалымдармен қатар, Мысыр мен Түркия елдерінің таңдаулы ғалымдары дәріс береді.
Университетіміз – тек білім мен ғылымның ордасы ғана емес, руханият пен тәрбие орталығы. Біз исламтану, дінтану, теология, аударма ісі және шетел филологиясы мамандықтары бойынша жоғары білімді мамандар даярлаймыз. Үш сатылы білім беру жүйесі – бакалавриат, магистратура және докторантура арқылы білім алушыларға ғылым әлеміне де мүмкіндіктер ұсынылады. Жыл сайын түлеп ұшатын түлектеріміз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, әкімдіктер, ғылыми-зерттеу орталықтары, құқық қорғау органдары және түзеу мекемелерінде, сондай-ақ қоғамның түрлі салаларында табысты қызмет етуде.
Бүгінде біліммен қатар, адами құндылықтар мен ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту, ұрпаққа тәрбие беру және рухани байлықты дамыту маңызды. Біз тек кәсіби маман ғана емес, жан-жақты дамыған тұлғаларды тәрбиелеуді мақсат етеміз. Осы орайда университет әрбір білім алушыға ашық. Кез келген уақытта сауалдарыңызды қойып, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдауларыңызға болады.Мұндай ашықтық пен үнемі талқылау біздің ортақ қызметіміздің сапасын арттырып, өзара тиімді ақпарат алмасудың маңызды тетігі болатынына сенімдімін. Бұл көптеген түйткілді мәселелерді шешу мен қойылған міндеттерді жүзеге асыруға көмектесері анық!