«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің кітапханасы оқулықтар және электрондық кітаптар жинақталған, оқырмандар мен кітапхана қызметкерлеріне жұмыс жасауларына қолайлы жағдай жасалған орын болып табылады. Заман талабына сай оқырмандарға өркениетті қызмет көрсету, кітапханаларға берілген жаңа технологияларды кітапхана жұмысында кеңінен қолданып, кітапханалардың бүгінгі қоғамның қажетті ақпарат орталығы екендігін дәлелдеп, беделін көтеру кітапхананың негізгі мақсаты болып табылады. Сондай-ақ, ақпарат көздерін, әмбебап құжаттардың толық жинағын оқырмандарға әлемдік, ұлттық, мәдени, рухани құндылықтарды насихаттай отырып, оларды қолжетімді ету жолында жұмыс жасау негізгі міндеттердің бірі.