Дінтану кафедрасы

Кафедра туралы

Дінтану кафедрасы 2011 ж. дейін университетіміздің «Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер» кафедрасының құрамында жұмыс жасап келді. Оқытушылар саны: 26. Оның 3 — ғылым докторы, 3 — ғылым кандидаты, 10 – PhD докторы, 8 – магистр аға оқытушы, 2 – магистр оқытушы.

Кафедраның дербес ашылған жылы: 2011 жыл.

2011-2014 жж. – «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі, теология ғылымдарының PhD докторы Әділбаев Алау Шайқымұлы;

2014-2020 жж. – «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Ержан Қалмахан Сейтұлы.

2020-2021 жж. «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі PhD доктор, қауымдастырылған профессор м.а Жұмашова Жұлдыз Аманбайқызы.

2021-2022 жж. «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі PhD доктор, доц.м.а. Дүйсенбаева Альбина Курахбаевна.

2022 ж. тамыз айынан бастап филос.ғ.к., доц.м.а. Рыскиева Айымжан Әбуқызы.

0 +

Ғылым докторы

0 +

Ғылым кандидаты

0 +

Ғылым докторы

0 +

Магистр, аға оқытушы

0 +

Магистр, оқытушы

РЫСКИЕВА АЙЫМЖАН ӘБУҚЫЗЫ
Кафедра меңгерушісі, филос.ғ.к., доц.м.а.

Кафедра миссиясы

Мемлекет қауіпсіздігі мен қоғамдық тұрақтылығына нұқсан келтіретін діни экстремистік, террористік қауіптерді болжап, алдын алу және деструктивті діни ағымдардың әрекетінен зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік-психологиялық, дінтанулық-теологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін кәсіби біліктілікке ие мамандарды дайындауға үлес қосу.