Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығы

Орталық Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті қызметінің негізгі бағыттары бойынша кешенді зерттеулердің орындалуын қамтамасыз етуші, сондай-ақ оқу орнының ғылыми-зерттеу, баспа жұмыстарын үйлестіретін және ұйымдастыратын құрамды бір бөлігі болып табылады.

Шамшәдин Керім

филология ғылымдарының докторы, профессор
Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры

Орталықтың мақсаттары

- Республикадағы исламтану бағытында қызмет жасап жатқан діни оқу мекемелерін ханафилік мектептің тәлім-тәрбиесін насихаттайтын кітаптар, әдебиеттер оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттермен толыққанды қамтамасыз етуге көмектесу;
- Ханафи мазһабы шеңберінде қазақстандық дін ғалымдарының еңбектерін анықтау әрі жинау;
Ислам өркениетінің дамуына өзіндік үлесін қосқан қазақ дін ғұламаларының шығармашылығын зерттеу, олардың мұраларын кеңінен насихаттау;
- Ханафи мазһабына қатысты қолжазбаларды жинақтап, тарихи-классикалық шығармаларды аударып, жариялаумен қатар заман талаптарына сай шығарылған заманауи фиқһ ғалымдарының еңбектерін де ғылыми қолданысқа түсіру;
- Шет тілдердердегі ислам құндылықтарына насихаттайтын ғылыми, ағартушылық көпшілікке арналған кітаптарды, діни оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын іріктеп, аудару, сөздіктер құрастыру;
- Оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми жұмысқа деген белсенділігін арттыру, ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық бағдарламалар мен гранттық байқауларға қатыстыру арқылы университетті біртұтас ғылыми-инновациялық кешенге айналдыру;
- Студенттер мен жас мамандардың ғылыми потенциалын дамыту, сондай-ақ олардың арасынан неғұрлым қабілетті және дарындыларын университеттің ғылыми-инновациялық жұмыстарына тарту.