Академиялық ұтқырлық бағдарламасы

    Академиялық ұтқырлық – өзі оқитын жоғары оқу орынындағы білім беру бағдарламаларын меңгеруін кредит түрінде міндетті түрде қайта есептей отырып білім алушылардың белгілі бір академиялық кезеңде: семестр немесе оқу жылында білім алу үшін басқа (мемлекет ішіндегі немесе шетелдік) жоғары оқу орнына ауыстырылуы немесе басқа жоғары оқу орынында білімін жалғастыруы, 10 күн мен бір оқу жылының аралығында зерттеу жүргізу және тағылымдамадан өту үшін шетелдік жоғары оқу орындарына білім алушыларды, зерттеуші-оқытушыларды ауыстыру.

          Академиялық ұтқырлықтың түрлері: білім беру тағылымдамасы, ғылыми тағылымдама.

         Академиялық ұтқырлықтың түрлері: жеке, топтық (ұжымдық), ішкі (мемлекет ішінде) академиялық ұтқырлық, сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық, кіріс (халықаралық) ұтқырлық, қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық және ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық.

– Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелге шығатын білім алушылар жеке оқу жоспарында көрсетілген пәндерді оқуға міндетті.

– Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік іссапарды рәсімдеуге байланысты әр тұлғаның өтінішін шетелге шығару комиссиясы жеке қарастырады

– Республикалық бюджет есебінен шетелге шығушыларды іріктеу байқауының негізгі көрсеткіштері:

  1. Нұр-Мүбарак ЕИМУ -да біракадемиялық кезеңді аяқтау, «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағаларына сәйкес үлгерім;
  2. Шетел тілін еркін білу: сертификаттарының болуы;
  3. Oқуға үш жақты келісімнің болуы (ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық үшін).

         Академиялық ұтқырлықтың қаржыландыруы:

– Республикалық бюджет қаражатынан;

– Нұр-Мүбарак ЕИМУ бюджеттен тыс қаражатынан;

– ұлттық компаниялар, әлеуметтік серіктестер, халықаралық қорлардың гранттарынан;

– қабылдаушы жақтың қаражаты, халықаралық ұйымдар мен жеке қорлардыңгранттарынан;

– білім алушының жеке қаражатынан жүзеге асырыла алады.

         Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын бакалавриаттың 2-3 курсындағы білім алушылар үшін, оқу саласы және мерзіміне қарай магистратура мен докторантурада білім алушылар үшін жүзеге асыру орынды болып табылады.

       Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқығысы келетін студенттер Академиялық ұтқырлық және Сапа менеджменті бөліміне мынадай құжаттарды тапсыру қажет:

– Проректордың атына студент алмасу бағдарламасымен оқуға бару туралы өз қолымен жазылған өтініш;

– Мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған және ноториус растаған шақыру көшірмесі (шақыруда мерзімі, мақсаты және оқылатын пәндердің тізімі көрсетілу керек);

– Жеке оқу жоспары;

– Ағымдағы транскрипт;

– Оқу кестесі (ЖОЖ-ға сәйкес пәндер, яғни қабылдайтын университетте оқылатын және ҚБТ бойынша оқылатын пәндерден тұрады);

– Оқу туралы үш жақты келісім;

– Оқу, ғылыми немесе білім алу тағылымдама жоспарын міндетті түрде орындау және бюджеттік қаржыны мақсатқа сай пайдалану туралы екі жақты келісімшарт;

– ESTC кредиттік технология бойынша білім алушының өтініші (ҚР БҒМ формасы бойынша);

– Шетел тілін меңгеру жөніндегі сертификат;

– Шығындар сметасы;

– Бекітілген үлгідегі шетелге шығу үшін ОҚКБ-ның медициналық анықтамасы (№ 082 форма, 23.11.2010 ж. № 907 бұйрық).

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

1. Өтініш

2. Жеке куәлік көшірмесі

3. Толтырылған сауалнама

4. Транскрипт (GPA 3.33 жоғары)

5. Паспорт

6. Сертификаттың болуы (IELTS – 5.5, TOEFL – 65, TOMER – B1)

немесе

7. Араб тілі емтиханынан өту (80 баллдан бастап)

Қосымша құжаттар тізімі:

  1. 082-У формадағы медициналық анықтама
  2. Вакцинация паспорты
  3. Теріс ПЦР тест (72 сағат жарамды)
  4. Флюорография
  5. 3*4 форматтағы 4 фото

БАЙЛАНЫС:

Академиялық ұтқырлық және Сапа менеджмент бөлімінің байланыс ақпараттары:

Тел.: 8/ 727/ 302-09-43, ішкі 148

Координаторлар: Шамшат Әділбаева, Салтанат Кагазбекова.

Қосымша ақпараттар: