6D021500 – Исламтану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған Анарбаев Нурлан Сайлауұлының «Орта ғасырлық ханафи ғалым Әбу-л Қасым әл-Фараби//әл-Фарйабидің (?-1210) «Халисату-л хақайқ» трактатындағы моральдық-этикалық нормалар: мәні мен маңызы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің исламтану кафедрасында орындалған.

Қорғау қазақ тілінде өтеді.

Рецензенттер:

  1. Кенжетай Досай Тұрсынбайұлы – философия ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумелув атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, мамандығы – 09.00.11.
  2. Калиева Шынар Саяхатовна – филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің доценті, мамандығы – 10.01.06.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Р.Б.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының директоры Әбдісаттар Бағысбайұлы Дербісәлиев;
  2. PhD докторы, әл-Азһар университетінің профессоры Бакр Заки Иуад (Каир қ., Египет Араб Республикасы).

Қорғау 2017 жылы 16 қаңтар сағат 15.00-де Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы исламтану бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050016, Алматы қаласы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті  университеті, әл-Фараби даңғ., 73,  № 307 аудитория

Басылым күні: 14.12.2016