"Ең үздік ғылыми қызметкер" байқауы басталғандығын хабарлаймыз!

Конкурстың мақсаты – отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің еңбегін көтермелеу.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына ізденіс конкурсын жариялады. Байқаудың қорытындысы бойынша еліміздің үздік ғалымдарына 50 сыйлық тағайындалады. 1 сыйлықтың мөлшері 2000 АЕК (6 126 000 тенге) құрайды.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер министрліктің https://scicontest2022.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта
3 желтоқсанға дейін қабылданады.

Толық ақпарат: ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ

406