Құрметті университет білім алушылары!

Босаған бос грант орындарына
конкурс

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті 2020-2021 жоғары білім беру үдерісінде босаған ваканттық: білім беру гранттары(2020-2021 оқу жылының 21 шілдеге ақпарат) бойынша ашық конкурстық негізде құжат қабылдау басталғанын хабарлайды.

Босаған білім беру конкурсына ұсынылған үміткерлер тізімі

Конкурсқа
қатысу шарттары

Мемлекеттік тапсырыс негізінде берілген гранттан және жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілген білім беру грантынан босаған орынға үміткерлер болып табылатындар:

Ақылы негізде оқитын, оқу үлгеріміне қарай барлық оқыту кезеңі бойынша алынған орташа үлгерім балдарын   (GPA), түскен жылын ескере отырып, даярлау бағытын, білім беру бағдарламасының бейінін, нысандары мен мерзімдері бөлінісінде, барлық оқыту кезеңі бойынша академиялық пән қарызы жоқ білім алушылар;

Қажетті құжаттар:

  1. Білім алушы тарапынан университет ректорының атына ваканттық грант орындарына қатысу үшін өтініш;
  2. Үлгерімі туралы транскрипт;
  3. Жеке куәлік көшірмесі.

Қосымша:

Босаған білім беру гранттары мен жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілген білім беру грантын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде Үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- (“үздік”), одан соң А, А- (“үздік”) бағаларынан В+, В, В-, С+ (“жақсы”) дейінгі бағалары бар, бұдан әрі – аралас бағалары бар білім алушылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуына болатын жағдайда І және ІІ топтағы мүгедектердің, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар білім алушылардың басым құқығы бар.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі. Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балы ескеріледі. Конкурстық негізде қаралған білім алушылардың құжаттары университет Ғылыми Кеңесінде шешімімен бірге ағымдағы жылғы 5-тамызға дейінгі мерзімде шешім қабылдау үшін білім беру саласындағы уәкілетті органға және ЖАО комиссиясына жіберіледі.

Ескерту!

Құжаттар 1 оқу корпусы, 306кабинеті, murat1215@mail.ru электронды почталары арқылы  қабылданады.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні 31.07.2021 жыл

ВАКАНТ ОРЫНДАР