Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы

Орталықтың
мақсаты

Діни қызметшілер, ҚМДБ өкілдері мен діни қызметкерлерінің, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым өкілдеріне, жалпы қызығушылық танытқан дінтанушы, исламтанушы мамандардың діни және теологиялық дайындығын арттыру мақсатында діни экстремизмге қарсы тұру  мәселелері бойынша білім беру, ғылыми мен тәжірибелік пәндерді үйрету және оқыту, жаттықтыру. Сонымен қатар діни экстремизмге қарсы ғылыми-методикалық, зерттеу, талдау қызметтерін жасау.

Орталықтың
қызметі

– Жергілікті атқарушы органдардың ықпалымен деструктивтік радикалдық ағым ерушілеріне арнап, курстар өткізу; 
– Діни эстремизм мәселесіне қатысты методикалық құралдарды құрастыру және басып шығару;
– Діни экстремизмге қарсы аудио және видео материалдарды дайындау. 
–Деструктивтік және экстремистік діни ағымдарды, ұйымдарды, жамағаттарды, идеологияларды, субмәдениеттерді зерттеу;
– Діни және теологиялық материалдарға жүргізілетін сараптамаға жәрдемдесу;
– Діни экстремизм мәселесіне қатысты бағдарлама, жоба, стратегия әзірлеу;
–  Еліміздегі және шет елдердегі діни ахуалдарға талдау жасау;
– Экстремизм және терроизмге діни дәлелдемелермен әлеуметтік зерттеу жүргізу;
– Діни экстремизм мәселері бойынша мемлекетік органдарға, діни бірлестіктерге, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларға консталтинг және ұсыным жасау.

Діни экстремизмге қарсы және терроризмнің алдын алу шаралары елде ғана емес, әлем бойынша өзекті  түйткілдердің бірі болғандықтан, еліміздегі бірегей ислами білім ордасы Нұр-Мүбарак университеті бұл салада өз әлеуетін барынша қолдануда. Осы мақсатта құрылған Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығына жас болса да біршама жетістіктерімен танымал, белгілі дінтанушы Тимур Нүсіпхан тағайындалды.

Тимур Нүсіпханұлы Алматы облысының Дін істері басқармасы құрамында қатардағы қызметкерліктен бастап, өңірлік сектор басшысы қызметтерін атқарып, облыс бойынша АТТ, ҚР РАТТ (Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы) мүшесі, түрлі деңгейдегі алғыс хаттар, төсбелгілермен марапатталған.  Сондай-ақ Түркия мемлекетіндегі Хитит университетінің Теология факультетінің магистратуралық білімін жетілдірген.

НҮСІПХАНОВ ТИМУР НҮСІПХАНҰЛЫ

Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры