Ахмед Хусейн Мухаммад Ибраһим
Университет ректоры, профессор, доктор
Нұр-Мүбарак университеті – Қазақстан мен Египет Араб Республикасы арасындағы білім беру және діни, мәдениет саласындағы жаңа белес. Екі ел арасындағы алтын көпірге айналған университет 1993 жылы қос мемлекет басшысының келісім аясында дүниеге келгені белгілі.
2001 жылы ашылған Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің тамырын әлемге әйгілі мыңжылдық тарихы бар әл-Азһар университетімен байланыстыруы – зор болашаққа нық қадам жасаудың белгісі. Себебі әл-Азһардың тарихы 988 жылдан басталады. Бүгінде әлемнің 100-ден аса елінен студенттер білім алатын мың жылдан артық тарихы бар әл-Азһар мен өзге де мысырлық университеттерден Нұр-Мүбарак университетіне жыл сайын дін, тіл саласының ғалымдары таңдалып жіберіліп отырады. Қазақ елі ғасырлар бойы Әбу Ханифа мәзһабын ұстанып келе жатқандықтан, осы мәзһабқа тән ғалымдар арнайы іріктеледі.
Университетіміз ислам әлеміндегі тың ғылыми жобалар мен қос мемлекет арасындағы достықты нығайту жолында қызмет етуді мақсат етеді. Екі ел арасындағы бұл байланыс күллі мұсылман қауымының игілігіне қызмет етіп, білім мен ғылымның дамуына үлес қосады деп сенеміз.
Сондықтан сауалдарыңыз бен түйткілдеріңіз болса, біз оның шешімін тауып, кері байланыс орнатуда әрқашан ашықпыз!