РЕКТОР БАҒАНЫ

Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад ал-Жинди

Университет ректоры, профессор, доктор

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР, ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ ОҚЫРМАНДАР!

Нұр-Мүбарак университеті Қазақстан  мен Египет Араб Республикасы арасындағы ұзақ уақыт үзілген діни бауырластықтың жаңа белесі.  Осыдан 19 жыл бұрын ашылған университет аяғынан тік тұрып, елге, дінімізге қажетті мыңнан аса  білікті мамандарды даярлап үлгерді. Оқу, білімді меңгеру қаншалықты зор еңбекті талап етсе, оның ел ішінде жемісінің көрінуі де ұзақ жылдардан кейін аңғарылады. Нұр-Мүбарак университетінің тамырын  әлемге әйгілі мыңжылдық тарихы бар әл-Азһар университетімен байланыстыруы – зор болашаққа нық қадам жасаудың белгісі. Нұр-Мүбарак университеті 2001 жылы ашылса,  әл-Азһардың тарихы 988 жылдан басталады, яғни 1030 жыл бұрын ашылған университетте бүгінде әлемнің 100-ден аса елінен студенттер білім алады. Қазақ елі ғасырлар бойы Әбу Ханифа  мәзһабын ұстанатындықтан, біздің университетке әл-Азһар университетінің осы мәзһабқа тән ғалымдары іріктеледі. Осы университетте маған дейін қызмет еткен әріптестерімнің еңбегін ары қарай дамытуға, білікті де білімді мамандар даярлап, дінімізге, екі ел арасындағы достықты нығайтуда қызмет ете беремекпіз.  Біз екі ел арасындағы білім жолындағы байланыс ислам әлеміндегі тың ғылыми жобалар мен қос мемлекет арасындағы тығыз қарым-қатынасты арттырып, күллі мұсылман қауымының игілігі үшін үлес қосады деген үміттеміз!»

Құрметпен,      
Ректор, профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид  Мухаммад ал-Жинди

Ректордың жыл сайынғы жылдық есептері

Нұр-Мүбарак университеті 2018-2019 оқу жылында Қазақстанда және Орта Азияда орта исламды оқытудың үздік білім ордасы болуды жүезеге
асыру мақсатында білім беру, ғылыми-зерттеу, уағыз-насихат және қоғамдық іс-шараларға байланысты, төмендегідей жұмыстарды атқарды