Исламтану кафедрасы

Кафедра тарихы

Нұр-Мүбарак ЕИМУ ашылған 2001 жылы құрылды. Алғашқы уақытта исламтанушыларды даярлаған факультет құрамында. Бүгінде исламтану жəне дінтану кафедралары бар.

Оқытушылар саны: Жалпыоқытушы – 41: Магистр – 17; PhD доктор – 22; Ғылым кандидаттары – 2; Доцент – 2; Профессор – 3

Исламтану кафедрасы 2001 жылдан бері жоғары білімді исламтанушыларды дайындап келеді.

2001-2012 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып Шариғат ғылымдарының докторы (PhD) Ато ас-Сынбати,

2013-2014 жылдары Шариғат ғылымдарының докторы (PhD) Атыия Фатхи Мұхаммед Əли əл-Фиқи қызмет етті.

2014-2017 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін Негізгі ислам білімдері ғылымының докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Шамшат Амангелдіқызы Əділбаева атқарды.
2017 жылдан бастап кафедра меңгерушісі – исламтану ғылымы бойынша доктор (PhD) Нұрлан Сайлауұлы Анарбаев.

Алғашқы курстан араб тілі оқытылып, екінші курстан бастап араб тілінде Мысырдың əл-Əзһар университетінің ақида, фиқһ, хадис жəне тəпсір салаларының доктор, профессорлары дəріс береді. Сондай-ақ, отандық доктор, профессорлар:

– Ислам құқық негіздері;
– Құрандағы мораль мəселелері;
– Отбасы ғылымхалы;
– Ислам теологиясы;
– Құран ілімі;
– Хадис ілімі;
– Хадисшілердің əдістері жəне т.б. пəндер бойынша дəріс береді.

Кафедраның мақсат-міндеттері:

      ҚР мемлекеттік қызметінің әртүрлі деңгейлерінде (министрліктерде, департаменттерде, әкімшіліктерде), ғылыми-зерттеу орталықтарында, БАҚ және Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы, сараптама орталықтары, діни оңалту орталықтары т.б құрылымдарда өз құзіреттілігі мен біліктілігі аясында қызмет етуге қабілетті мамандар даярлау; Оқу үдерісін қазіргі заманғы оқыту технологияларымен және оқытудың техникалық құралдарымен жабдықтау негізінде оқу-әдістемелік инфрақұрылымды дамыту;
     Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланыс орнату; Мамандардың біліктілігін артыруды және қайта дайындауды қамтамасыз ету; Мемлекет қауіпсіздігі мен қоғамдық тұрақтылығына нұқсан келтіретін діни экстремистік, террористік қауіптерді болжап, алдын алу және деструктивті діни ағымдардың әрекетінен зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік-психологиялық, дінтанулық-теологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін кәсіби біліктіліктерге ие мамандарды дайындауға үлес қосу.
 Кадрлардың біліктілігін арттыруға үлес қосу; Сапалы және бәсекелестікке қабілетті қамтамасыз ететін білім деңгейіне қол жеткізу; Білім беру үдерісіне қазіргі заманғы ғылыми жетістіктер мен инновациялық оқу технологияларын кеңінен енгізу; Теориялық білімді қоғамдық сұраныстың тәжірибелік салаларымен сабақтастыру;

Кафедраның танымдық-ғылыми бағыттары

Бүгінгі таңда кафедрада 41 оқытушы-профессорлар қызмет етеді. Оның 55 % ғылым кандидаттары мен докторлар.
Кафедра оқытушылары Құран Кәрім, құрандағы мораль, бала тәрбиесі, исламдағы отбасы, ақида, Қазақстандағы сопылық, ақида, пайғамбар өмірбаяны, хадис секілді пәндерге жауапты. Ұстаздар тек өз сабақтарымен ғана шектеліп қоймай, қосымша ашық сабақтар өткізіп, біліктіліктерін қазіргі замануи талаптарға сай арттыру үстінде.
Университетіміздің докторанты Нұржан Стамбакиев пен Құрмет Смағулов басшылығымен университетте қосымша ақида негіздері, фиқһ, хадис, сира пәндері бойынша студенттерге лекция оқытылады. Кафедраның оқытушы-профессорлары халықаралық, республикалық, университеттік ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, университет баспасының атынан кітаптар шығаруда.
Кафедра бойынша Акимханов Асқар, Жамашев Азамат, Рахымғазиев Жайдар, Смагұлов Құрмет, Сейитмаматов Нұрлан, Илимбаев Ризабек, Шайзан Бауыржан, Стамбакиев Нұржан, Смагұлов Нұржан, Жұматаев Әбілқайыр, Илесбеков Бижан, Үйсенбаев Бейбіт, Сарипбеков Асқарбек студенттерге куратор-эдвайзер.

Оқытушы-профессорлар құрамы