Нұр-Мүбарак ЕИМУ ашылған 2001 жылы құрылды. Алғашқы уақытта исламтанушыларды даярлаған факультет құрамында. Бүгінде исламтану жəне дінтану кафедралары бар. Оқытушылар саны: Жалпыоқытушы – 41: Магистр – 17; PhD доктор – 22; Ғылым кандидаттары – 2; Доцент – 2; Профессор – 3
Исламтану кафедрасы 2001 жылдан бері жоғары білімді исламтанушыларды дайындап келеді.
2001-2012 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып шариғат ғылымдарының докторы (PhD) Ато ас-Сынбати,
2013-2014 жылдары Шариғат ғылымдарының докторы (PhD) Атыия Фатхи Мұхаммед Əли əл-Фиқи қызмет етті.
2014-2017 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін негізгі ислам білімдері ғылымының докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Шамшат Амангелдіқызы Əділбаева атқарды.
2017 жылдан бастап кафедра меңгерушісі – исламтану ғылымы бойынша доктор (PhD) Нұрлан Сайлауұлы Анарбаев.
Алғашқы курстан араб тілі оқытылып, екінші курстан бастап араб тілінде Мысырдың əл-Əзһар университетінің ақида, фиқһ, хадис жəне тəпсір салаларының доктор, профессорлары дəріс береді. Сондай-ақ, отандық доктор, профессорлар:
– Ислам құқық негіздері;
– Құрандағы мораль мəселелері;
– Отбасы ғылымхалы;
– Ислам теологиясы;
– Құран ілімі;
– Хадис ілімі;
– Хадисшілердің əдістері жəне т.б. пəндер бойынша дəріс береді.
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
«7М02201-ИСЛАМТАНУ»
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ (МАГИСТРАТУРА)
2021-2022 оқу жылына арналған
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
«8D02201-ИСЛАМТАНУ» (ДОКТОРАНТУРА)
2021-2022 оқу жылына арналған
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
БББ: «6В02201 – ИСЛАМТАНУ»
(3 ЖЫЛДЫҚ)
2021-2022 оқу жылына арналған
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
БББ: «6В02201 – ИСЛАМТАНУ»
(4 ЖЫЛДЫҚ)