Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасы

Кафедра Туралы

Ашылған жылы: 2001 жыл

Кафедраны филология ғылымдарының кандидаты Ш.Қалиева (2001-2003), PhD доктор А.Әділбаев (2003-2007), философия ғылымдарының кандидаты Б.Қ.Бейсенов (2007-2008), педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ш.Б.Бәйнеш (2008-2018 ) басқарған.

2018 жылдан 1 маусымынан бастып кафедра меңгерушісі болып филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Д.А. Қапасова тағайындалды.

Кафедра оқытушылары гуманитарлық пәндерді оқытудың сапасын жетілдіру мақсатында қазақ және орыс тілі, тарих және ақпараттық коммуникативтік технологиялар пәндерінің өзекті мәселелеріне арналған оқу-әдістемелік семинар-тренинг, біліктілікті жетілдіру курстарын ұйымдастырып өткізіп, сонымен қатар халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, ғылыми жобаларға қатысып, өз біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады. 

Оқытушылар саны: 21. Кафедрада 9 ғылым кандидаты, PhD 3, аға оқытушы 9.

Кафедраның мақсат-міндеттері:

   –  ұлттық бірегейлікті, патриотизм мен әлеуметтік белсенділікті сезінетін, мәдениетті қоғамдастықта мәдени үнқатысуға қабілеті бар жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандардың жаңа буынын тәрбиелеу;

   –  терең теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар жоғары білікті, жан-жақты мамандарды даярлау;

   – соңғы ғылыми-әдістемелік жетістіктерге сүйене отырып, гуманитарлық пәндерді оқыту;

   – білімалушылардың білім сапасын жоғарылату мақсатында оқу үдерісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдер мен технологияларын тиімді қолдану;

    – оқу және тәрбие үдерісін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;

   – студенттердің ғылыми және танымдық қабілеттерін дамыту, студенттерді елдегі болып жатқан мәдени, рухани, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайлар туралы жан-жақты ақпараттандыру.

Оқытушы-профессорлар құрамы