Кітапхана, оқырмандардың іздену аясын кеңейту мақсатында басқа да жоғарғы оқу орындары кітапханаларымен келісім-шарттар жасап, өзара кітап алмасу, электрондық қорларын пайдалануға жол ашып отыр.
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің кітапханасы университеттің білім беру бағдарламаларына сәйкес келетін, сондай-ақ «ҚР Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы», «М.Әуезов ат. Әдебиет және өнер институты», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген әлемнің алдынғы қатарлы 100 жаңа оқулығы, «Ұлттық аударма» бюросынан шығарылған оқулықтармен, университет баспасынан шыққан оқытушылар еңбектерімен, жыл сайын өтетін «Исламтану және араб тілі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарымен, электрондық кітаптар қорымен қамтылған студенттер мен оқытушы, қызметкерлерге арналған білім орталығы. Кітап қоры жыл сайын жаңа құжаттармен, оқытушылардың, студенттердің сұранысына сай қажетті оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми бағыттағы оқулықтармен, оқырмандардың әр – түрлі сұранысын қанағаттандыратын әмбебеп мазмұндағы әдебиеттермен толықтырылып отырады.
Университет кітапханасы құрамына оқу залдары, абонементтік бөлім, электрондық кітапхана, жатақхана кітапханалары және арнайы қор кіреді.
Кітапхана қызыметін дамыту, стандартқа сай кітапханалық жүйе қалыптастыру мақсатында, кітапханада «КАБИС» — электрондық каталог базасы іске қосылды. Бұл бағдарлама кітапхана қорын жабдықтау мен өңдеу процесін жүйелеуге, электронды каталогтармен мәліметтер базаларын құруға және олармен ақпаратты іздеуді қамтамасыздандыруға арналған.
1.
Оқырмандарды университет профиліне сәйкес сұраныстарына қарай оқулық, оқу-әдістемелік, ғылыми еңбектермен, мерзімді басылымдармен, электронды кітаптармен қамтамасыз ету;
2.
Кітапхана қорын университеттің профиліне және оқырмандардың сұраныстарына сәйкес жинақтау;
3.
Ақпараттық мәдениет және оқу мәдениеттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу. Жаңа ақпараттық режимде жұмыс істеу бағдарламаларымен таныстыру;
4.
Әртүрлі анықтама, кітап тізімдерін, библиографиялық көрсеткіштер жасау, көрмелер және көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру;
Кітапхана меңгерушісі
E-mail: altyngul.tokan@mail.ru
Кітапхана телефоны: 118,
Сыртқы: 302-09-24
© Copyright 2024 All Rights Reserved