Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің кітапханасы

Кітап - білім бұлағы

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің кітапханасы

Университеттің кітапханасы оқулықтар  және  электрондық  кітаптар жинақталған, оқырмандар мен  кітапхана қызметкерлеріне жұмыс жасауларына қолайлы жағдай жасалынған.
Университет кітапханасы құрамына оқу залдары, абонементтік бөлім, электрондық кітапхана, жатақхана кітапханасы және арнайы қор кіреді.
Университет кітапханасы бүгінгі таңда университеттің жетекші құрылымдық бөлімі ретінде оқу – тәрбие үрдістерін қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз етуші білім орталығы болып саналады. Бүгінгі нарықтық заман талабына сай біздің кітапхана да өз қадірінше оқырман қауымға қызмет жасап келеді.

Кітапхананың негізгі мақсаттары

1.
Оқырмандарды университет профиліне сәйкес сұраныстарына қарай оқулық, оқу-әдістемелік, ғылыми еңбектермен, мерзімді басылымдармен, электронды кітаптармен қамтамасыз ету;

2.
Кітапхана қорын университеттің профиліне және оқырмандардың сұраныстарына  сәйкес жинақтау;

3. 
Ақпараттық мәдениет және оқу мәдениеттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу. Жаңа ақпараттық режимде жұмыс істеу бағдарламаларымен таныстыру;

4.
Әртүрлі анықтама, кітап тізімдерін, библиографиялық көрсеткіштер жасау, көрмелер және көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру;

кітапханаға  жазылу  ережелері

1. Кітапханаға жазылу үшін алдымен кітапхана  ережесімен  танысу; 
2. Кітапханаға жазылу  үшін  оқырманның  жеке  куәлігі болу ;   
3.  Кітапхананың оқу залындағы  кітаптарды  пайдалануға   арналған   бірден бір құжат-  студенттік билет;  
4. Оқулықтарды пайдалану үшін әрбір оқырманға формуляр ашылады;
5. Әр оқырман формуляр арқылы оқулықтарды жаздырып алып оқуға құқылы;
6. Оқырман кітапханадан университеттің «Шығу қағазын» толтыру арқылы шығады;
7. «Шығу қағазын» толтырғаннан кейін кітапхананы ары   қарай пайдалану құқынан айырылады.

Электронды кітапхана ресурстары >>>

Жатақханадағы кітапхана

Университетіміздің басшылығымен жатақханада кітапхана ашылып, студенттерге керекті кітап қорларымен қамтамасыз етілді.

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің кітапханасы оқулықтар  және  электрондық  кітаптар жинақталған, оқырмандар мен  кітапхана қызметкерлеріне жұмыс жасауларына қолайлы жағдай жасалған орын болып  табылады. Заман талабына сай оқырмандарға өркениетті қызмет көрсету, кітапханаларға берілген жаңа технологияларды кітапхана жұмысында кеңінен қолданып, кітапханалардың бүгінгі қоғамның қажетті ақпарат орталығы екендігін дәлелдеп, беделін көтеру кітапхананың негізгі мақсаты болып табылады. Сондай-ақ, ақпарат көздерін, әмбебап құжаттардың толық жинағын  оқырмандарға әлемдік, ұлттық, мәдени, рухани құндылықтарды насихаттай отырып, оларды қолжетімді ету жолында жұмыс жасау негізгі міндеттердің бірі.

Абонементтік бөлім

Университет кітапханасы құрамына  оқу залдары, абонементтік  бөлім, электрондық кітапхана, жатақхана кітапханасы  және арнайы қор кіреді. Университет кітапханасы бүгінгі таңда университеттің жетекші құрылымдық бөлімі ретінде оқу – тәрбие үрдістерін қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз етуші білім орталығы болып саналады. Бүгінгі нарықтық заман талабына сай біздің кітапхана да өз қадірінше оқырман қауымға қызмет жасап келеді.  Кітапхана қызыметін дамыту, стандартқа сай кітапханалық жүйе құру мақсатында, жақында «КАБИС» -(автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық бағдарламасы) электрондық каталог іске қосылды. Бұл бағдарлама кітапхана қорын жабдықтау мен өңдеу процесін жүйелеуге, электронды каталогтарының мәліметтер базаларын құруға және олармен ақпаратты іздеуін қамтамасыздандыруға арналған.

Университет кітапханасының  кітапхана қорын араб және қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, көркем әдебиет, мерзімді басылымдар, ақпарат тасмалдаушы көздер, компакт дискілер, электронды оқулықтар құрайды. Сонымен қатар кітапхана қоры  «Қазақстан Республикасы Жоғарғы  оқу орындарының қауымдастығы», «М.Әуезов ат. Әдебиет және өнер институты», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген Әлемнің алдынғы қатарлы 100 жаңа оқулығы, «Ұлттық аударма» бюросынан шығарылған оқулықтармен ,Университет баспасынан шыққан ұстаздардың  еңбектері , жыл сайын өтетін  «Исламтану және  араб тілі  мәселелері» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарымен толықтырылуда. 

кітапхана қызметкерлері

Тоқан Алтынгүл

Кітапхана меңгерушісі

E-mail: altyngul.tokan@mail.ru
Кітапхана телефоны: 118,
сыртқы: 302-09-24

Аймахина Гульжазира

Электронды кітапхана менеджері

E-mail: skygirl_06@inbox.ru
Электронды кітапхана телефон: 120 

Мұзаффар Адина

Оқу залының кітапханашысы

E-mail: mina096@mail.ru
Оқу залының телефоны: 119