ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі биылғы іссапарын Алматы қаласынан және Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінен бастады. Бұл жөнінде министр бүгін университет ұжымымен кездесу барысында мәлімдеді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі биылғы іссапарын Алматы қаласынан және Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінен бастады. Бұл жөнінде министр бүгін университет ұжымымен кездесу барысында мәлімдеді. Былтырғы Әлем және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі аясында өткен Нұр-Мүбарак университетінің Қамқоршылар Кеңесінің басқосуындағы уәденің сәті түскенін атап өтті.
This text briefly introduces visitors to your main services.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
Биылғы жылдың алғашқы сапарын Алматыдан әрі Нұр-Мүбарак университетінен бастап отырмын. Өйткені руханият саласы өте маңызды. Жаңа ғана 4000 мың орындық оқу ғимаратының құрылысымен таныстық. Жаңа ғимарат болашақта көз сүйсінер, көңіл қуантар еңселі ордаға айналады деп сенеміз. Жаңа ғимараттың салынуымен білім алушылар саны мен білікті түлектер артады деп сенеміз. Нұр-Мүбарак университетінің еліміздің жастарына беріп жатқан жоғары діни білімнің маңызы зор. Осы жолда Мысыр, Түркиядан келіп білім беріп жатқан және отандық ұстаздарға алғыс айтқым келеді, – деп ұжымға жылы лебізін білдірді.
Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «ҚМДБ құрылтайшылық жасайтын НМУ-дің ағарту саласында атқарып жатқан жұмысы орасан зор. Бүгінде біздің имамдардың көпшілігі осы университет түлектері. Исламтану, дінтану, теология, шетел филологиясы, аударма ісінің мамандарын даярлап келе жатқан университет ТМД бойынша бірегей. Осы салада бірлікпен атқарып жатқан еңбегіміз елімізге жемісті болсын», – деп министрлік пен университет ұжымына ынтымақта атқарып жатқан еңбек үшін ыстық ықыласын жеткізді. Еліміздегі діни кадрларды даярлауға қатысты да мәселелер талқыланған кездесу аясында министр Дархан Қуандықұлы университет кітапханасына Х ғасырда тәржімаланған «Көне түркі тіліне аударылған алғашқы Құран» кітабын табыстады. Университет басшылығы өз кезегінде «Нұр-Мүбарак» баспасынан оқытушылар еңбегімен жарық көрген Құран Кәрімнің қазақша аудармасы мен «Арабша-Қазақша сөздікті» сыйға тартты.
© Copyright 2024 All Rights Reserved