Нұр-Мүбарак университеті нәзік жандарды Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады

Әйел - бір қолымен бесікт і тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді...

8 наурыз мерекесін атап өту-өтпеу жайлы, әсіресе діни жамағаттар арасында  сан түрлі пікірталастар елді екіұдай күйге түсірері рас. Алайда қашанда ұрпақ жалғастығының бастауы болған нәзік жандарға мемлекет тарапынан ресми мереке арнап, құрмет көрсетуі – жалпыға ортақ өнеге. Осы орайда Нұр-Мүбарак университетінде нәзік жандарға деген құрмет әрдайым ерекше болғанына қарамастан, көктемнің алғашқы сүйінші мерекесі, халықаралық әйелдер күні апа-аналар, қыз-келіншектерге сый-құрмет көрсетілді. Университет ректоры, профессор Мухаммад Аш-Шаххат Ал-Жинди:

  • Адамзат тарихында әйел абыройын ислам діні көтерді. Оған нақты дәлел қасиетті Құран мен хадистерде қыз баланың, ана, жар ретінде құқықтары анық көрсетілуі. Мысалы, Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Діннің жартысын Айшадан үйреніңдер»,-дегені көп нәрсені меңзейді. Халықаралық деңгейде әйелдерге мереке арнаған  БҰҰ алғысымыз орасан, бірақ әйел адамды әрдайым өз абыройымен құрметтеп жүруге шақырамыз,-деп  барша жаулық иелерін мерекемен құттықтады.

Ал проректор, доцент Қайрат Құрманбаев  8 наурыздың ешқандай діни сипаты болмағанымен, халықаралық мереке екеніне тоқталып, университет дамуында әйелдер үлесінің жоғары екенін атап өтіп, алғысын білдірді.  Ал көпті көрген білікті профессор Базар Хамзеева университет басшыларына ризашылықпен жүрекжарды лебізін ашық айтты:

  • Әйел адам қанша мықты болып, қыруар шаруаны атқарса да, ер адамның басшы болып, басқаруы бөлек. Оған осы университетке келген соңғы 10 жылдық қызмет барысында, әсіресе соңғы екі жылдағы қарқынды өзгеріске тәнті болмау мүмкін емес. Университетке өз үйімізге келгендей қуанып келеміз. Осы білім ордасындағы ер азаматтардың бізге құрмет, қамқорлығына ризамыз,-деп нәзік жандар атынан алғысын жаудырды.    

Салтанатты жиын соңында үздік танылған нәзік жандарға Алғыс хат табыс етілді. Ал ел ұйқыдан енді оянғанда университеттің тазалығына білек сыбанып кірісіп кететін шаруашылық бөліміндегі нәзік жандарға айрықша сыйақы тағайындалып және мереке иелерінің барлығына ас мәзірін, дастархан берекесін келтірер  қажетті заттар топтамасымен сый-сыяпат жасалды.   

1  414