АСЫЛБЕК ОРЫНБАСАРОВ:
ИСЛАМ КАЛЛИГРАФИЯСЫН НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОҚЫТТЫ

Қазіргі уақытта еліміздегі ислам каллиграфиясының бірегей маманы Нұр-Мүбарак университетінің алғашқы түлектерінен екенін білесіз бе?

Қысқаша түсіндірсек, мешітке барғанда оның сәулетінен бөлек, ғимараттағы көркемдеп жазған араб жазуына мән беріп көрдіңіз бе? Ол салынған сурет секілді, бірақ сурет емес, ислам сәулет өнерінің бейнелі жазулары. Грек тілінің «көркем жазу» деген мағынасындағы «каллиграфия» деп аталатын жазу өнерін көбіне шетелдік мамандар шақырту арқылы жасатса, бүгінде еліміздегі бас әрі бірегей маманы Асылбек Орынбасаров деуге болады. Асылбек жайлы бұрын да университет сайтында таныстырған болатынбыз. Ал бұл жолы ислам каллиграфы өзінің алғашқы оқу ордасы Нұр-Мүбарак университетіне мерейлі мәуліт мерекесіне көрмесін ұсынды.

«Нұр-Мүбарак университеті алғаш ашылған 2001 жылы исламтану факультетіне түстім. Сол кезде әлемге әйгілі әл-Азхар универсиетінен бізге тәлім беруге келген ең үздік ұстаздар арасында ислам каллиграфияның хас маманы Ахмад Амир деген ұстаз болды. Ол бізге екі жылдай каллиграфиядан сабақ беріп, естихан тапсыратынбыз. Ахмад Амир – менің ең алғашқы ұстазым. Ол менің бала кезден жүрек түбіндегі араб каллиграфиясына деген құштарлығымды, махаббатымды оятып, бағыт-бағдармен бірге тәлім-тәрбие беріп, ислам каллиграфиясына деген ықыласымды еселеді»,-

АСЫЛБЕК ОРЫНБАСАРОВ

«Сол жылы Еуразия құрлығынан оқуға түскен жалғыз шәкірт мен едім. Себебі, көбінесе, ол мамандықты жергілікті халық және Азия, Малайзия, Индонезиядан ғана оқитын. Ал ТМД елдерінен менен өзге ешкім болмады. Ол жерде каллиграфияның негізгі стиль түрлерін үйрендік. Кейін Стамбулда әйгілі каллиграф Хасан Челяби шеберханасында 5 жыл шәкірт болдық»,-

дейді қазақ каллиграфы.

Біз осы мәуліт арқылы қуанышымызды бөлісіп жатырмыз. Себебі кейбіреулер айтқандай, мәуліт – бидғат емес. Мәулітті діни қағидаларға қайшы дейтіндей еш дәлел жоқ. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі туған күнінің құрметіне шүкірлік етіп, бейсенбі күні ораза тұтқанын білеміз. Осындай күні біз Пайғамбарымыздың адами құндылықтары жайлы насихат айтып, қоғамдағы мейірім мен адамгершілік, қайырымдылық қағидаларына бағыт-бағдар беруді қалаймыз,»-деп ректор Алла елшісінің (с.а.с.) өнегелі өмірінен ғибраттармен бөлісті.

Исламтанушы, имам-хатыб, араб тілінің оқытушысы, ислам каллиграфы секілді төрт мамандықты тел меңгерген Асылбек Орынбасаров Қазақстандағы оннан астам мешітті каллиграфиямен көркемдеген. Оның Алланың көркем есімдері, Мұхаммед (с.а.с.), сахабалар, Құран аяттарын әсемдеп жазған туындылары Мәуліт мерекесіне келушілерді еріксіз тәнті етті.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі   

39