ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ
ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Жаңа өзгерістер мен жаңалықтарға толы оқу жылының бетешары – Білім күні бүкіл қазақ еліне берекелі болғай.

Биыл Нұр-Мүбарак университеті студенттердің 80 % офлайн оқытуға дайын. Ең әуелі қазіргі аласапыран кезеңде өмірін ақиқат іліммен байланыстырып, ата дініміздің қазығын біліммен қағуды қалаған бірінші курс сутденттерін құттықтаймыз. ҚР БҒМ тарапынан діни мамандықтарға бөлінген 180 мемлекеттік грантын білімді де алғыр талапкерлеріміз жеңіп алды деп сенеміз.

Ал биыл ондай мүмкіндікке ілінбеген талапкерлерге университетіміздің Дайындық курстарында да оқу басталатынын, яғни ислами білімді терең зерттеу үшін алғашқы қадамды сол курстардан бастаудың өзі өте ұтымды жетістік деп айтқымыз келеді. (Дайындық курстарына қабылдау жайлы алдағы уақытта хабардар етеміз.) Яғни әрқашан үмітін үкілеген, қиындық пен кедергіден тауы шағылмайтын жас өрен қашанда биік белестерді бағындыратынын ескере отырып, таңдаулы талапкерлер әлі-ақ Нұр-Мүбарак университетінің студенті атанып, бәлкім дін ғалымы боларына сеніміміз мол!

Сондай-ақ магистратуралық бағдарлама бойынша 51 грант иегерңн және болашақ докторанттарымызға да сәттілік тілейміз. Ал биылғы оқу жылы барша білім шаңырақтарына сәтті, оқытушы, мұғалім, ұстаздарға берекелі, білім ізденушілерге хайырлы боулына тілек білдіреміз!

1  003