ЖЕМІСТІ ЖЫЛДАН ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚҚА!!

Тұтас тарих – әрбір жылдан құралады. Нұр-Мүбарак университетінің 20-жылы табысты аяқталды. Қос мерейтой аясында университет ұжымы алдында есеп берген проректор, доцент Қайрат Құрманбаев негізгі жетістіктер мен даму көрсеткіштерге тоқталды.

Биыл университетте білім алушылар – 1777 (студент-1669;  магистрант-85;  докторант –23).

Ал түлектер саны 311 (бакалавр, магистр, докторлар) , жұмыспен қамтылғандар – 82%.

Қабылданған студенттердің саны – 536, бұл былтырдан  10% жоғары.

Мемлекеттік білім гранты – 243 (бакалавр-185; магистратура -50; докторантура – 8)

Бакалавриат бойынша «Аударма ісі» мамандығы ашылып реестрден өтті

«Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша магистратура, докторантура реестерден өтті.

Университеттің 20 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік       конференцияға онлайн, офлайн форматта 10 мемлекеттің ғалым, өкілдері қатысты. НМУ оқытушылары мен студенттері көмегімен 5 тілде синхронды аудармалар жасалды.

Университет тарихы жайлы жарты сағаттық деректі фильм арнайы тапсырыспен  түсірірілді. 20 жылдық тарихи кітап 3 тілде жарық көрді.   

Әріптестік, ынтымақтастық жөнінде 30 меморандумға қол қойылды.  Халықаралық әріптес университеттермен: Индонезия Ислам университеті, Инти халықаралық университеті (Малайзия), Азербайджан теология институты, Болгар ислам академиясы, Мысыр елінен  айн-Шамс, Каир университеттерімен меморандум жасалды. Одан өзге аймақтық Дін істері басқармалары, Орталықтармен  меморандум жасалды. 

Нұр-Мүбарак университетінің ОПҚ базасында біліктілікті арттыру курстары   «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл» орталығы ұйымдастыруымен: ҚМДБ-ның имам-ұстаздары дін істері басқарма және оған қарасты орталық теолгтарға – жалпы 5 біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылып, 505 маман оқыту курсынан өтті.

«Жусан» әлуметтік операциясының негізінде қайтарылған және ДДА ұстанушыларымен  Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарының «Жусан» және ДДА ұстанымдағы жамағатына арналған барлығы 4 курс ұйымдастырылып оған 156 адам қамтылды.

ОҚУ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ:

  1. Оқу үдерісін автоматтандыру толық жүзеге асырылды. Анықтама, транскрипт беру электронды формаға көшірілді.
  2. Студенттерді қолдау орталығы ашылды
  3. Университет жатақханасынан ұлдар және қыздар бөліміне 2 кітапхана, 6 жаңа оқу залы, оның ішінде Құран жаттауға арналған 3 зал бар.
  4. Тігін цехы  ашылып іске қосылды. 13 кәсіби тігін машинасымен қамтылды.
  5. Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығынан 10 кітап, монография, зерттеу еңбектері жарық көрді.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

75