ФАТИХСҰЛТАН ЕРҒАЗИЕВ: «DUBAI EXPO» БІЗ ҮШІН ҮЛКЕН МҮМКІНДІК БОЛДЫ

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі «Dubai Expo» Таяу Шығыстағы тұңғыш және «Экспо» тарихындағы алғашқы (яғни 170 жылда) барлық қатысушы елдердің өз павильондары болған дүниежүзілік көрме болып тарихқа енді. Оған Қазақстаннан қатысқан 62 адамдық делегациямен елге оралған Нұр-Мүбарак университетінің 4-ші курс студенті Фатихсұлтан Ерғазиевпен сұхбаттасуды жөн көрдік.

Араб тіліне қатысты іректеуге 20-дан астам адам қатысып, одан 6 үміткер таңдап алынды. Оның 4-і менен өзге Нұр-Мүбарактың 3 түлегі бар. Ал екеуі ЕҰУ-нен. Бұл біз үшін өте үлкен мүмкіндік болды. Себебі EXPO көрмесі 4 жылда бір рет өтсе, Дубайдағы көрме әлемдегі ең үлкен шараға айналды. Сондықтан ол жерде араб тілімен қатар ағылшын тіліміздің де көмегі көп тиді.

Ал жеке өзіңе әсер еткен, есте қалған сәттер бар ма?
«Dubai Expo»-да көптеген лауазымды қонақтар арасынан жеке өзім Араб әмірліктерінің Білім министрін, БАӘ-нің үшінші адамы саналатын министр Саид бин Заидке еліміз туралы жан-жақты таныстырдым. Олар біздің араб тіліндегі жеткізуімізді өте жоғары бағалап, ризашылықтарын білдірді.
Әлемдік деңгейдегі ең маңызды шараның бірі болған «Dubai Expo»-да Қазақстанның мәдениеті мен жетістіктерін жаһанға танытуға зор үлесін қосқан НМУ түлектері – Айсана Сейдалиева, Сафия Ерғазиева, Нұржан Байжігітов.

Ал ЭКСПО-дан тәжірибе жинап, шыңдалып қайтқан Фатихсұлтан Ерғазиев биыл университетті аяқтаған соң магистратуралық білім дәрежесін араб елдерінде оқуды таңдап отыр. Ол Нұр-Мүбаракта алған білімі «Dubai Expo»-да жоғары бағаға ие болып, шетелдік университеттерге тапсыруға деген сенімділігі артта түскенін айтады. Біз де жеңімпаз студентімізге сәттілік тілейміз!

69